- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
ҚР БЭЖ Cолтүстік аймағын Қостанай облысында орналастырылып, ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық қорытындылары
2023 жылғы 16 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша ЖЭК бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 16 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 215 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 11.88 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі компания анықталды:
- «Jupiter Wind» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық бағасы 11.88 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушылар ретінде келесі өкілдер қатысты: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ және БҰҰДБ.
Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ .
Келесі аукцион белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін ЖЭС жобаларын іріктеу
- 17.11.2023
- 213