• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІМ-де ведомство қайраткерлерімен кездесу өтті

ІІМ-де ведомство қайраткерлерімен кездесу өтті   

ІІМ-де әр жылдары Ішкі істер органдарында қызмет атқарған, өмірін аса жауапты іске – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күреске арнаған ведомство қайраткерлерімен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, тәжірибе алмасу, полиция қызметіне қатысты мәселелерді талқылау. Ең бастысы – тәлімгерлер кеңесін құру.

– Сіздер тәуелсіздік таңында қылмыспен күресіп, өз кәсіби шеберліктеріңізбен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік негізін қаладыңыздар. Қазіргі қызметкерлер мен болашақ басшылар үшін жұмысты жетілдіру бойынша кеңестеріңіз маңызды. Мұндай кездесулерді біз дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Қонақтарға елдегі қылмыстық ахуал туралы айтылып, полицейлердің күнделікті жұмысында қолданылатын цифрлық шешімдер көрсетілді. Бұл бейнебақылау жүйесі, жаңа бейнежетондар, дабыл түймелері, “102” мобильді қосымшасы және жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды анықтауға көмектесетін “Қорғау” бағдарламасы. Ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкерлеріне ішкі кадрлық процестерді оңтайландыру жұмысы, Ұлттық ұланның әскери және арнайы техникасы таныстырылды. Аға буынның бай өмірлік тәжірибесі мен терең білімі жас офицерлерге шеберліктерін шыңдауға, қызметтің маңыздылығын түсінуге және айналадағыларға құрметпен қарауды үйренуге көмектеседі.

– Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызмет… Қателескен әріптесті демеп, оған көмектесу керек. Ал қаскөйлерді бұл қатардан аластату қажет. Біз сіздерге әрдайым қол ұшын созуға дайынбыз, – деді Халық қаһарманы Қайырбек Сүлейменов.

 

  • 20.11.2023
  • 200
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика