• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан бойынша газдандыру процесі жеңілдетілді: eGov.kz арқылы онлайн өтінімдер

Биылғы қазан айының басынан бастап Қазақстан азаматтары өздерінің тұрғын үйлері мен объектілерін газдандыру үшін техникалық шарттарды eGov.kz порталынан онлайн ала бастады. EGov.kz порталындағы осы жаңа қызметтің іске қосылуы үшін ҚР Энергетика министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жұмыс істеді.

Қысқа уақыт ішінде 300-ден астам азамат eGov.kz порталы арқылы техникалық шарттарды алуға өтінім берді. Барлық берілген өтінімдер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі операциялық қызметтерінде тіркеледі және өңделеді. Бүгінгі таңда өтінімдердің көбі Қостанай, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының тұрғындарынан келіп түсті.

Айта кетейік, жеке тұлғалар электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, eGov.kz порталы арқылы газдандыруға қажетті техникалық шарттарды алуға, өз үйлерінен шықпай-ақ, өтінім бере алады. Техникалық шарттарды беруді қарастыру мен беру процесіне техникалық күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні және техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні кетеді.

EGov.kz порталында объектілерді және тұрғын үйлерді газдандыруға техникалық шарттарды алу үшін азаматтар бар болғаны бірнеше қарапайым әрекеттерді жасауы керек:

  1. kz порталында жеке тіркеуден өту;
  2. Байланыс телефонын және электронды почтаны көрсету;
  3. Тұрғылықты мекенжайды таңдау;
  4. Газдандыру объектісінің мекенжайын таңдау;
  5. Техпаспорттың скан көшірмесін қоса тіркеу;
  6. Газдандыру объектісі бойынша деректерді көрсету;
  7. ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;
  8. Техникалық шарттардың берілетіні немесе берілмейтіні туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жауабын күту.

Газдандыру қалалар мен шалғайдағы кенттердің дамуына оң әсер етеді, өндірістік және әлеуметтік саланы одан әрі дамыту үшін мүмкіндік береді. Мәселен, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана қаласында табиғи газға ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 қосты. Осы инфрақұрылымдарды газдандыру халықты жылумен жабдықтау тапшылығын жойды.  

Компанияның ақпаратына сәйкес, биылғы 10 айда абоненттердің жалпы санына (2,3 млн немесе 11,7 млн. тұрғын) тағы 60 381 абонент қосылды, бұл 300 мыңнан астам тұрғын. Соңғы 10 ай ішінде 64 елді мекен табиғи газға қосылды, 67 900 техникалық шарт берілді, желілерді цифрландыру, жаңғырту және жаңаларын салу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда ішкі нарыққа газ 66 мың км-ден астам газ құбырлары арқылы жеткізіледі.

  • 24.11.2023
  • 239
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика