• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету: Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісі іске қосылды

Маңғыстау Қазақстан бойынша табиғи газды ең көп тұтынатын аймақ. Өткен жылы өңірге 2,6 млрд текше метр көгілдір отын қажет болды. Бұл республика бойынша  ішкі нарықтағы тұтыну  қажеттілігінің 19%-ын құрайды.
Ел Президентінің тапсырмасымен 2023 жылдың қазан айында ұзындығы 308 шақырымды құрайтын «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісі бойынша газ беру басталды. Оның құрылысы өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылды. Бұл туралы Нұрлан Ноғаев баспасөз мәслихатында айтты.
 
Маңғыстау облысында газдандыру саласындағы жобаларды іске асыру қарқынды жүріп жатыр, бұл газ тасымалдау жүйесінің қуаты мен өткізу қабілетін арттыруға, өңірдің табиғи газын тұтынудың өсіп келе жатқан көлемін жабуға және өңірдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жобалар жаңа өндірістік қуаттарды құруға мүмкіндік беретін елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Аталған жобалар «Qazaq Gaz» және «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
 
2023 жылдың қазан айында Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен»магистральдық газ құбырының екінші желісі іске қосылды. «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісін іске қосу елді мекендерді, ірі өнеркәсіптік объектілерді, сондай — ақ Маңғыстау облысының негізгі энергетикалық кәсіпорны-жылу және электр энергиясын өндіретін «МАЭК» ЖШС тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Мәселен, «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісінің өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд текше метрді құрайды. Бұған дейін «Окарем-Бейнеу» газ құбыры осы бағыт бойынша 3 млрд текше метрден астам айдауды қамтамасыз еткен болатын. Енді екі газ құбырының жалпы өткізу қабілеті жылына шамамен 9 млрд текше метрге жетеді. Бұл өңірдің қажеттіліктерін толығымен жабады.
 
Сондай-ақ, тұрақты газбен жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырының 4 желісін салу жобасын іске асыруға 5,3 млрд.теңге (148 км газбен жабдықтау желілері) бөлінді.
 
- Президенттің тапсырмасы бойынша Құрық ауылы ауданындағы АГТС-тен «Саршадан» - «Жылы жағажай» курорттық аймағындағы «Риксос» қонақ үйіне дейінгі жоғары қысымды газ құбыры да аяқталды. Бұл жоба Құрық кентін және жақын жерде орналасқан өндірістік объектілерді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жағажай туризмін дамыту үшін өте маңызды жоба, - деді Нұрлан Ноғаев.
 
Сондай - ақ, іске асырылып жатқан «Каспий энергетикалық хабы» шеңберінде жаңа шағын аудандарды тұрақты газбен жабдықтау мақсатында «Жаңаөзен-Ақтау» МГ құбырынан басталатын автоматтандырылған газ тарату станциясы бар магистральдық газ құбырының құрылысы жүріп жатқанын атап өткен жөн.
Ұзындығы 52 шақырымдық газ құбыры Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Дәулет және Баянды ауылдарының, сондай-ақ Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Саин Шапағатов ауылдарының 150 мыңға жуық тұрғынын жылумен және тауарлық газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда, ол үшін республикалық бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлінді.

  • 27.11.2023
  • 270
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика