• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қорытынды кеңейтілген кеңес өтті

Облыс орталығында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті, оған өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.

Сөз сөйлеу барысында өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен бірлесіп өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізілген қызмет туралы хабарлады.

Сонымен қатар, спикер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ауылдық елді мекендерде «Сервистік әкімдіктерді» және мемлекеттік мекемелерде Оpen Space форматындағы кабинеттер мен фронт-офистерді ашу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды сапалы жүргізу және жұртшылықты тарта отырып, олардың нәтижелерін қарау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, өңірде сыбайлас жемқорлық қылмысының 10% - дан астамға төмендегені атап өтілді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша алдын алу шараларының тиімділігін куәландырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллаларға, оның ішінде, Мемлекет басшысы қол қойған қылмыстық процесте және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері жөніндегі Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, кеңесте Transparency Kazakhstan тәуелсіз ұйымы өткізген 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайы туралы мониторинг нәтижелері айтылды.

«Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының нәтижелері мен перспективалары туралы облыс әкімінің орынбасары, Жобалық кеңсенің кураторы Қанат Ыдырысов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары талқылау барысында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ақпаратты тыңдаған өңір басшысы Ермек Маржықпаев ведомствоға қарасты мекемелердің басшылығына сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жандандыруды, сондай-ақ белсенді жұртшылық өкілдері қатарынан аудандық деңгейде "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің басшыларын тағайындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша шаралар қабылдау шеңберінде, ең алдымен, кешенді және үйлестірілген тәсілді ұстану қажет. Өткен жылы қол жеткізілген нәтижелер, жалпы алғанда, жақсы, алайда алда үлкен жұмыс тұр, тек бірлескен күш - жігерімізбен ғанабБіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра аламыз», - деп түйіндеді өңір басшысы.

Кеңес соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімі Ермек Маржықпаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы Қанат Ыдырысовқа алғыс хат табыс етілді. Сонымен қатар, Степногорск қаласы мен Шортанды ауданы әкімдіктерінің жұмысы оң бағаланды.

  • 23.01.2021
  • 343
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика