• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ТАМАҚТАНУДЫҢ ҰЛТТЫҚ МОДЕЛІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Бішкекте ТМД елдерінің «Мектептегі тамақтану – жалпы дамудың бағыты» тақырыбында бірінші халықаралық форум өтті. Оған Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері де қатысты.
Өңірлерде шығарылған отандық өнімдерді пайдалана отырып, мектеп тамақтануына ұлттық тағамдарды енгізу – балалар денсаулығын сақтаудағы маңызды қадамдардың бірі. Осы мақсатта министрлік Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп, Астананың алты мектебінде «Ұлттық мектеп асханасы» пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Жаңа үлгіде мектептегі тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша кезең-кезеңімен шаралар кешені қарастырылған.
Әрбір мектеп оқушылардың «салауатты өмір салтын ұстанатын мектебіне» айналуы тиіс. Мектептің кез-келген қызметі сауықтыру-педагогикалық бағытта болады. «Ұлттық мектеп асханасы» жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі.
Естеріңізге сала кетейін, биылғы жылдың қыркүйек айынан бері 1,6 миллионнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде 1,4 миллион бала 1-4 сынып оқушылары және 200 мыңнан астамы әлеуметтік осал топ санатындағы 5-11 сынып оқушылары.
Сапалы тамақтануды ұйымдастыру мақсатында министрлік білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану нормаларын қайта қарады. Атап айтқанда, ас мәзіріне өңірлерде өндірілген отандық өнімдерді енгізу нормасы қосылды. Бракеражды комиссиялардың және ведомствоаралық сарапшылық топтардың мүшелеріне арналған мониторингтік топтардың қызметінің тәртібі туралы заңнамалық нормалар бекітілді.
Мектептерде тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, санитарлық тазалық пен гигиенаны сақтау, дастархан сервировкасы және дұрыс тамақтануды насихаттау. Білім беру ұйымына жеткізілген барлық өнімдердің санитарлық дәрігерлерден қорытындылары болуы керек, ал тамақты бракеражды комиссиялар бақылайды. Олардың қатарында ата-аналар мен қамқоршылық кеңес, сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері бар.
Форум барысында жетекші халықаралық институттардан, мамандандырылған білім беру саласындағы сарапшылар мен жеке сектордан құралған форумға қатысушылар мектептегі тамақтанудың тиімділігі мен сапасын арттыру жөнінде пікір алмасты.

  • 28.11.2023
  • 207
Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика