- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты тергеуші әйелдер тергейтін болады
Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты тергеуші әйелдер тергейтін болады.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар күн сайын жыныстық сипаттағы қылмыстардың құрбанына айналуда. Бұл туралы ІІМ Алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.Ол осындай қылмыстарды тергеумен айналысатын тергеушілердің мамандануын қамтамасыз етуді және әйел қызметкерлерді жыныстық қылмыс құрбандарымен жұмыс істеуге дайындауды және оқытуды қамтамасыз етуді тапсырды.
– Бұл бағытқа жауапты ретінде тәжірибелі қызметкерлерді бекіту, зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау жөніндегі бағдарламаны кеңінен қолдану және дербес деректердің құпиялылығын мүлтіксіз сақтау қажет, – деп толықтырды ведомство басшысы.
- 25.01.2021
- 333