• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Ақсақалдар кеңесі төрағаларының қатысуымен республикалық отырыс өтті

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Ақсақалдар кеңесі төрағаларының қатысуымен республикалық отырыс өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ өңірлік «Ақсақалдар кеңесі» төрағалары қатысты.

Марат Әзілханов өз сөзінде, Ақсақалдар кеңесі қоғамдық институт ретінде қалыптасқанын атап өтті. Қазіргі таңда елімізде өңірлік, аудандық және ауылдық деңгейлерде жалпы саны 7463 адамды құрайтын 1116 «Ақалдар кеңесі» жұмыс істейді. Ақсақалдардың ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен даналығы өңірлердегі маңызды мәселелерді шешуде қоғам үшін өте құнды болып табылады. Бүгінде олар халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, жастарды этностар арасындағы достық пен келісім рухында тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Ақсақалдар кеңесінің миссиясы бейбітшілік пен келісімді сақтауға, сондай-ақ этникалық немесе әлеуметтік қатыстылығына тәуелді болмайтын қоғамда салауатты қарым-қатынастарды дамытуға бағдарланған.

Қанат Ысқақов ақсақалдар қоғамдық құрылымдарының дәстүрлі қоғамдық келісімді қамтамасыз ету институты ретіндегі халықаралық тәжірибе туралы баяндады. Бүгінде ақсақалдардың қатысуымен қоғамдық институттар жақын және алыс шетелдердің бірқатар елдерінде жұмыс істейді.

Қазақстанда Ақсақалдар кеңесі елдің қоғамдық, мәдени және саяси өміріне, сондай-ақ этносаралық ахуал мен қарым-қатынасқа теріс әсер ететін мәселелерді шешуге белсенді қатысады. Өскелең ұрпақ арасында ұлттық құндылықтар мен дәстүрді сақтау, оны танымал ету бойынша жұмыстар жүргізеді.

Өз кезегінде, отырыс барысында өңірлік Ақсақалдар кеңесі төрағалары жалпыұлттық бірлікті нығайту және елдегі ақсақалдар институтын дамыту мәселелерінде өз тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті.

Іс-шараның екінші бөлімінде Ғалым Шойкин этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары, проблемалық мәселелер, оларды шешу және олардың алдын алу тәсілдері туралы баяндады. Талғат Қалиев этносаралық шиеленіс пен жанжалды анықтау, талдау, алдын алу бойынша заманауи тәсілдерге назар аударды.

  • 01.12.2023
  • 243
Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика