• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ С.ТРҰМОВ: ХАЛЫҚ АУЫЗСУДАН ТАРЫҚПАУ КЕРЕК

Облыста ауыз су тапшылығын жою мақсатында бірқатар ірі жобалар қолға алынуда. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында мәлімдеді. 
Алғашқы жоба, Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге арттыру жобасын іске асыру.
Қазіргі таңда, жобаны іске асыру бойынша жұмыс кестесі жасақталған.
Алдағы жаз айларында су тапшылығына сұранысты қанағаттандыру үшін, қуаты тәулігіне 5,0 мың текше метр ауыз су өндіретін қондырғысын іске қосу 2021 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Мұнайлы ауданы Баянды ауылында 3 жылдан бері қолданыста болмаған су тұщыту қондырғысын қайтадан іске қосу және қосымша қуаты тәулігіне 3,0 мың текше метр су тұщыту қондырғысын салу қолға алынды.

Қазіргі таңда, су тұщыту қондырғысын қайтадан іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу мерзімі 2021 жылдың  ақпан айына белгіленген.

Сондай-ақ, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС су тұщыту қондырғыларын (ГТПИ-2,3) қалыпқа келтіру және қосымша қуаты тәулігіне 24,0 мың текше метр су тұщыту қондырғысы салынбақ.

Қазіргі таңда, ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп жобаны іске асыру жұмыстары келісілді.

2021 жылы жергілікті бюджеттен тиісті қаражат қарастырылып жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс өткізу рәсімдері бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Кендірлі курорттық аймағында қуаты тәулігіне 50,0 мың текше метрлік су тұщыту зауытының құрылысын салу жобасын іске асыру жобасы да бар. 

«КМГ Инжигиринг» ЖШС «ҚазМұнайГаз ҒЗЖИ» филиалы тарапынан жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталған. 

Облыс әкімі С.Трұмов тұрғындар судан тарықпау керектігін, халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін жобаларды аяқтауды жеделдету керектігін тапсырды. 

Сонымен қатар аппараттық жиында балық шаруашылығын дамыту және облыстың экология саласындағы проблемалық мәселелері туралы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков айтып берді. 

Өңірдегі экология саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен, қауымдастықтар және қоғам өкілдерімен бірігіп отырып, 2021-2025 жылдарға арналған «Маңғыстау облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол картасы» жасақталды. Мәселен, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және қауіпті қалдықтарды жою, қала іргесінде орналасқан ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту, көгалдандыру және экологиялық насихат және ағарту туралы 36 іс-шара енгізілді. Соның ішінде: «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалыпына келтіру жобасы. 2020-2025 жылдарға Қошқар-Ата  қалдық қоймасы айналасында ауданы 150 га (ұзындығы 15 км ені 100-150 м)  жасыл қорғаныш аймағын құру бойынша аймақты зерттеу жұмысы жасақталды. Қазіргі таңда жасыл қорғаныш аймағын құру үшін 40 га жеріне мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс жарияланды, алдағы уақытта жасыл желек егу жұмыстары басталады. 

Сонымен қатар, Д.Құсбеков облыста 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамыту мақсатында жасақталған өңірлік бағдарлама туралы айтып берді.

Облыста өндірістік балық аулау аймағы Каспий теңізінің Түрікмен шекарасындағы Сүйе жерінен Прорва жеріне дейінгі 1350 километр ұзындықты қамтиды. Теңіз жағалауы бойынша 6 балық шаруашылық ауданы 35 учаскеге бөлінген. Оның 26 учаскесі
19 табиғат пайдаланушыға бекітілген. Осы учаскелерде 147 бригада, 597 балықшылар қызмет етеді. Қалған 9 учаске резервте тұр.

2020 ж. шілде айынан - 2021 жылдың шілдесіне дейінгі балық аулау кезеңіне 11 218 тонна квота бөлініп, қазіргі кезде 5000 тонна балық ауланды.

Балық аулауды емес, балық өсіруді жолға қою мақсатында облыстың әлеуетті даму бағыттарының бірі саналатын балық шаруашылығын дамыту үшін өңірде барлық мүмкіндіктер қарастырылуда.

 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан ұсынылған көрсеткішке сәйкес Маңғыстау облысына 2030 жылы көлемі 100 мың тонна балық өсіріп шығару жоспарланды. Бұдан бөлек, бағдарлама аясында тауарлы күмжі (лосось) және тұқы (карп) балық түрлерін өсірумен айналысуға бірқатар инвесторлар ниет білдіруде.

  • 25.01.2021
  • 266
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика