• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің 50 жылдығын атап өтті

Ақтауда Достық үйінде Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің 50 жылдығы атап өтілді. Іс-шара аясында өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Жеңістен жетістікке» республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ноғаев колледж ұжымы заманауи талаптарға сай келетін білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

- Маңғыстау энергетика колледжі - энергетика саласында мамандар даярлайтын облыстағы жалғыз оқу орны.
Бүгінгі мерекеге елімізде танымал ақсақалдарды, қоғам белсенділері мен қайраткерлерді көргеніме қуаныштымын. Елу жылдық тарихында колледж дамудың әртүрлі кезеңдерінен өтті. Қазір колледж елдегі ең үздік оқу орындарының қатарына кіреді. Жарты ғасырда колледждің білікті оқытушылары еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие 40 мың маман даярлап шығарды, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Колледж педагогтары жыл сайын халықаралық және республикалық тағылымдамалардан, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Мысалы, тек 2023 жылы 11 оқытушы Франция, Түркия, Грузия және Ресейде тағылымдамадан өтті. Бұл олардың кәсіби дағдыларын арттырды. Оқу орны 2024 жылы халықаралық аккредитациядан өтуді жоспарлап отыр. Жарты ғасырлық тарихта колледж 40 мыңнан астам маман дайындапшығарды және аймақтың 75 кәсіпорнымен серіктестік орнатты. Қазіргі уақытта колледжде 100 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 2 ғылым кандидаты, 14 магистр, 24 жоғары санатты оқытушы, 20 бірінші санатты оқытушы, 8 зерттеуші педагог, 14 сарапшы педагог, 26 модератор педагог және 21 тәжірибелік оқытушы өндірістен тартылған.

Маңғыстау энергетикалық колледжі 1972 жылы 17 қарашада Каспий өңірлік тау–кен металлургия комбинатының базасында ашылып, № 194 қалалық кәсіптік-техникалық училище атауын алды. Сол жылдан бастап тау–кен металлургия комбинатының барлық бөлімшелері үшін жұмысшы мамандарды даярлауды басталды.

Нұрлыхан Бекбосынов - мемлекет және қоғам қайраткері, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар Достығы», «Парасат» ордендерінің иегері, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының құрметті азаматы.

Салтанатты мерекеде сала ардагерлері, сондай-ақ колледж қызметкерлері өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың атынан алғыс хаттармен, Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Н. Бекбосынов атынан Маңғыстау энергетикалық колледжінің 50 жылдығына орай төс белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, іс-шара барысында Париж академиясы мен Маңғыстау облысының білім басқармасы және Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі арасында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық саласын кеңейту және іске асыру, сондай-ақ халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өту туралы үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.

  • 08.12.2023
  • 240
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика