- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда корей этномәдени бірлестігінің 30 жылдығын атап өтті
Маңғыстау облыстық «Чосон» корей этномәдени бірлестігіне 30 жыл толды. Осыған байланысты Достық үйінде салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік іс-шарада өңірдің дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосқан корей этносының өкілдеріне ізгі тілектерімен алғыс хаттар табыс етілді.
Кеш қонақтарына корей мәдениетіндегі басты дәстүрлерді көрсететін спектакльдер қойылды. Атап айтқанда, үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, сондай - ақ, ата-аналардың 60 жыл мерейтойына арналған дәстүрлі мереке
«Хвангабты» тойлау барысы көрсетілді.
Нұрлан Ноғаев елімізде тұратын этностардың барлық өкілдері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған бастаманың арқасында өздерінің мәдениетін, салт-дәстүрлері мен тілдерін зерделеуге мүмкіндік алатынын атап өтті. Республика тұрғындарының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бірлігі ортақ Отан — Қазақстанға деген сүйіспеншілік арқылы көрінеді.
- «Чосон» бірлестігі біздің өңірдің ажырамас бөлігіне айналды. Мәдени диалогты дамытуға және этносаралық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесіңіз баға жетпес. Бүгінде мәдени мұра мен дәстүрді сақтау, оны болашақ ұрпаққа жеткізу өте маңызды. Сіздердің еңбегіңіз корей мәдени мұрасын сақтауға ғана емес, жалпы қоғамымыздың дамуына да ықпал етеді. Сіздерді осы тамаша мерейтойыңызбен құттықтаймын. Сіздерге одан табыс, өркендеу және жаңа жетістіктер тілеймін, - деп атап өтті өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.
«Чосон» ұлттық Корей орталығы 1989 жылдың күзінде құрылды. Корей мәдени орталығының бірінші төрағасы ҚР еңбек сіңірген қаржыгері, Ақтау қаласының Құрметті азаматы Пак Андрей Пондюнұлы болды.
«Чосон» этномәдени бірлестігі аймақтағы қайырымдылық акциялары мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді қатысады. Ай сайын жастар қанатымен серіктестікте «Өз ағашыңды отырғыз», «Балаларға кітаптар мен ойыншықтар сыйла», «Жақсылық жаса», «Мектепке жол», «Көршіге көмек» сияқты түрлі бастамалар жүргізеді.
Бұдан басқа, этномәдени бірлестік «Жомарт жан» және «ҚХА – 20 игі іс» республикалық акцияларына, сондай-ақ облыс және қала деңгейінде қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады.
Мерейтой жергілікті орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты. Іс-шарада би ансамбльдерінің концерттік нөмірлері мен вокалдық композициялары орындалды.
- 11.12.2023
- 143