• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ат спорты бойынша ашық кубоктың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін күтіп алды

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ат спорты бойынша Данте Хопери атындағы Ашық кубокта 2 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алған Маңғыстау параатлеттерімен кездесті. Жарыс Мәскеуде 2-11 желтоқсан аралығында өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жарысқа Маңғыстау облысынан төрт паралимпиадалық спортшы қатысты. I дәрежелі Дерби деңгейінде Айбек Тілеуов пен Ақылбек Нұрғалиев B трейлінде алтын медаль жеңіп алды. А тестінде өнер көрсеткен Хасан Жарылғасов күміс, ал Ерканат Қарымсақов төртінші орын иеленді. Айта кетейік, Айбек Тілеуов паралимпиадалық ат спорты бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

Спортшылардың жаттықтырушысы Самат Әлен маңғыстаулық спортшылар табандылық пен жеңіске деген жігер танытып, жүлделі орындарды иеленгенін атап өтті.

Әуежайда спортшыларды қарсы алу кезінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі паралимпиадалық спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді.

«Сіздер нағыз чемпиондарсыздар! 120 – дан астам спортшы арасында осындай керемет нәтижелерге қол жеткізу-үлкен жетістік. Сіздердің жетістіктеріңіз дайындық пен табандылық, күш-жігер арқылы жеңіске жетуге болатынының дәлелі. Біздің паралимпиадалық спортшылардың әрқайсысы жеңімпаз атағына лайық. Жыл сайын біздің өңірде параспортты қолдау шаралары күшейіп келеді және біз осы саланы одан әрі дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды жалғастырамыз. Біз сіздердің әрқайсыларыңызды мақтан тұтамыз!» - деп атап өтті өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, жарыстан оралған паралимпиадалық спортшылар «Өзен Самғау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған иппотерапия сабағының қатысушылары. Олардан басқа мұнда тағы 30 адам бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың соңында ат спорты бойынша паралимпиадалық спортшылар Шығыс Қазақстан облысында өткен республикалық турнирде алтын және күміс медальдарға ие болды.

Маңғыстауда барлығы мыңға жуық адам паралимпиадалық спорттың 13 түрімен жүйелі түрде айналысады, оның ішінде 45 адам ұлттық құрама сапында.

  • 11.12.2023
  • 182
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика