- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
2023 жылғы 11 айдағы мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады.
Е.К. Жамаубаев өз сөзінде мемлекеттік бюджетке 18,2 трлн. теңгеден астам кіріс түскенін және жоспар 98,6%-ға орындалғанын атап өтті.
Республикалық бюджетке 12,6 трлн. теңгеге жуық қаражат түсті.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 109,2%-ке атқарылды және 5,7 трлн. теңгені құрады. Жоспар 478 млрд. теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 425 млрд. теңгеге асыра орындалды.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,3%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 95,6%-ке орындалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 11 айында 2 мыңнан астам аудиторлық іс-шаралардың өткізілгенін атап өтті. Аудитпен 1,4 трлн. теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша шамамен 231 млрд. теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізу арқылы қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және оны есепке алу жолымен 175 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойылды.
Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев 2021-2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы айтты.
- 12.12.2023
- 151