• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 10 218 ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН 27 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болдым. Апатты және үш ауысымды мектептерді, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін Батыс Қазақстан облысында 10 218 оқушы орнына арналған 27 мектептің құрылысы жоспарланған. 

Биыл Білім инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен екі мектептің құрылысы қаржыландырылған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 16 200 оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарлануда. Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында барлығы 5 мектеп ашылды, тағы 12 мектепті осы жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл өңірдегі 12 апатты жағдайдағы білім ошағының, сондай-ақ 11 мектептегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.

Жыл басынан бері Оқу-ағарту министрлігі халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім беру сапасын одан әрі арттыру үшін бес негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл білім саласындағы менеджментті нығайту және "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" кадрлық резервін қалыптастыру, 21 ғасырдың құзыреттілігін дамыту үшін оқу бағдарламаларын жаңарту, ауыл мектептерін қолдау бойынша кешенді бағдарламаны іске асыру, педагогтерді даярлау және біліктілігін арттыру тәсілдерін жетілдіру, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде жаңа мектептер салу, жұмыс істеп тұрған мектептерді жаңғырту, инфрақұрылымды кешенді жақсарту, сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін трансформациялау. Бұл шаралардың барлығы «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» көрсетілген. Білім беру сапасын арттыру мәселелеріне осындай жан-жақты көзқарас жаңа серпін беретініне сенімдімін.

Бүгінгі таңда министрлік "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" бағдарламасының алғашқы плеядасын қалыптастыруды аяқтап қалды. 

Кездесуге облыстың 12 ауданынан 200-ден астам педагог, ата-аналар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ білім беру жүйесінің қызметкерлері қатысты.  Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында барлығы 1019 білім беру ұйымы, оның ішінде 376 мектеп жұмыс істейді.

  • 12.12.2023
  • 212
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика