- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Екі жылда аз қамтылған 83 мың отбасы коммуналдық төлемдерге өтемақы алды
ҚР-да халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау және қолдау мақсатында тұрғын үй көмегінің жүйесі жұмыс істейді. Бұл аз қамтылған азаматтардың отбасылық бюджетіне тұрғын үй және коммуналдық шығындардың қысымын жеңілдетуге арналған арнайы төлем.
Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттерден төленеді және мына шығындарды өтеуге бағытталған:
• кондоминиум мүлкін басқару және нысанның ортақ мүлкін күтіп-ұстау, оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін;
• коммуналдық қызметтерге (жылу, электр, су, газбен қамту, кәріз) және байланыс қызметтері (телекоммуникация желісіне қосылған телефондар үшін абоненттік төлемнің өсуі).
Мұндай отбасылық шығынедардың рұқсат етілетін шекті мөлшерін жергілікті мәслихат белгілейді. Заңға сәйкес, бір тоқсандағы отбасының орташа айлық жиынтық табысының 10%-нан аспауы керек. Бұл сомадан артық болса мемлекет өтемақы төлейді. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу мысалын төменде көруге болады.
Ескерту: бұрын шекті мән отбасының орташа айлық жиынтық табысының 20%-нан аспауы тиіс болған. Тұрғын үй көмегін есептеу тетігінің шекті мәнін төмендету қазақстандықтар үшін тиімді: көмек көлемі ұлғайып, халыққа көмек көлемі көбейеді.
Мәслихаттардың шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейін 10%-дан төмен түсіруге мүмкіндігі бар — бұл тармақ олардың қалауына қалдырылған. Бұл жағдайда тұрғын үй көмегінің мөлшері артады.
Азаматтардың коммуналдық қызметтерге шығындары өссе, олардың шығындарының өтемақысы да тиісінше артады. Осылайша, аз қамтылған азаматтардың шығындары өзгермейді.
Тұрғын үй көмегін алу үшін «„Азаматтарға арналған үкімет“ мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на және eGov.kz арқылы онлайн өтініш беруге болады.
2022 жылы мемлекет 53,6 мың қазақстандық отбасына (бір жылда 80,8% көбейген) 1,2 млрд теңге (бір жылда 2,8% көбейген) тұрғын үй көмегін төледі. Екі жылда 83,2 мың отбасы тұрғын үй көмегін алып, жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеден асты.
- 13.12.2023
- 136