• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ІІМ 2,5 мың іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Арада жылдар өтсе де, шетел асқан қылмыскерді ұстау, далада жоғалған баланы табу, белгісіз жағдайда қаза болған адамның жеке басын анықтау  – ІІМ криминалдық полиция қызметкерлерінің жұмысында кездесетін дүниелер. 2023 жылдың басынан бері бұл қызметтің жедел уәкілдері 2,5 мың іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, оның ішінде: 34 кісі өлтіруші; 17 қарақшы; 84 тонаушы; 10 бопсалаушы; 11 зорлықшы; 87 есірткі қылмыскері бар. – Мысалы, осы жылдың шілде айында Шымкентте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер 2018 жылы Дубайда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Сондай-ақ Таразда 2022 жылдың қараша айынан бастап Қарағанды облысының полиция департаментімен кісі өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген екі азамат құрықталды, – деді ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров. Қылмыскерлерді іздеу тек ел аумағымен шектелмейді. Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттерде де жүзеге асырылады. Бұл ретте Интерполдың Ұлттық орталық бюросының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ТМД-ға қатысушы елдердің аумағында жылына екі рет “Іздестіру” операциясы жүргізіледі. – Елден тыс жерлерде жыл басынан бері 70 қылмыскерді ұстап, одан бөлек тағы 36 іздеуде жүрген адамды анықтадық. Олар АҚШ, Швеция, Германия, Түркия, сондай-ақ өзге де алыс-жақын елдерде табылды, – деп атап өтті Руслан Назаров. Қазақстан ІІМ жедел-іздестіру топтары шетелде 34 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен бір адамды тапты. Ал Қазақстан аумағында басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 374 қылмыскер табылды. – Мәселен, біздің жедел-іздестіру тобымыз қараша айында Грузия қалаларының бірінде 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың ақпанына дейін қаржы пирамидасын құрған және басқарған күдіктіні ұстады. Ол азаматтарға 2 млрд теңгеден астам шығын келтірген, – деді спикер. Сонымен қатар ағымдағы жылы полицейлер қысқа мерзімде хабар-ошарсыз кеткен 13,5 мыңнан астам азаматты тауып, іздестіру ісі қозғалған 1276 жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады. – Адамдар түрлі жағдайда жоғалып жатады. Олардың жоғалып кетуіне әсер ететін факторлар да жоқ емес. Мысалы, кейбір адамдар жасына, сырқатына байланысты жоғалса, кейбірі туыстарымен қарым-қатынасты үзу мақсатында жоғалуы мүмкін. Бұған ішімдікке әуестік, құмар ойындарға немесе ставкаларға тәуелділік себеп болуы да мүмкін. Жоғалған адамдарды іздеуде қоғам мен еріктілер ұйымдарының көмегін атап өту қажет. Тек уақтылы полицияға жүгіну мен жедел әрекет ету жазатайым оқиғаның алдын алып, жоғалған адамды анықтауға көмектеседі, – дейді Руслан Назаров.
 

  • 15.12.2023
  • 235
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика