- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
ҚР ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрі Максим Решетниковпен кездесті
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының тұрақтылығын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұған қоса, шағын және орта бизнесті ынталандыру және екі елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру туралы пікір алмасты.
Ә.Қуантыров өз сөзінде Ресей Федерациясы Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
-Соңғы 3 жылда өзара тауар айналымы 30%-дан асты. 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өзара сауданың шамамен $19 млрд-ты құрағаны да рекордтық көрсеткіш болып табылады, - деп нақтылады министр.
Сонымен қатар екі елдің экономика министрлері ШОБ (шығын және орта бизнес) дамыту мәселелерін талқылады. Ә.Қуантыровтың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 36,4%-ға дейін өсті. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Елімізде жұмыс істеп тұрған ШОБ санының айтарлықтай өсуі цифрландырудың әрі жеңілдетілген кредит беру түріндегі мемлекеттік қолдаудың артуымен және қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Сондай-ақ, тараптар шетелдік инвестицияларды тарту үшін мемлекеттік қолдау шараларын қарастырды. Қазақстанда инвестициялық саясаттың жаңа Тұжырымдамасы іске асырылуда. Басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждардан босатылып, заттай гранттар және т.б. алады. Бұдан бөлек, тараптар «жасыл» экономиканың даму перспективалары жайлы сөз қозғады.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде мемлекеттік қолдау бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуға уағдаласты.
- 15.12.2023
- 178