- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық форумның жұмысына қатысты
Панельдік сессия барысында корпоративтік басқарудағы өзекті трендтер мен жаңа сын-қатерлер, квазимемлекеттік сектор қызметінің мәселелері, оның ішінде есептілік пен транспаренттілікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Өз сөзінде А.Әбдікәрімов елімізде квазимемлекеттік сектордың қызметін және олардың мемлекетпен өзара әрекеттестігін реттеудің кешенді құқықтық базасы құрылғанын атап өтті.
Атап айтқанда, Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесіп бәсекелестікті дамытуға және мемлекеттік үлесті қысқартуға, экономикалық әрі экономикалық емес ұйымдардың аражігін ажыратуға, корпоративтік басқаруды жетілдіруге, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүргізуде.
-Бұл тәсілдер ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) озық тәжірибелерімен және стандарттарымен байланыстырылды. Сонымен қатар тиімді әрі ашық квазимемлекеттік секторды қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді, - деп толықтырды вице-министр.
Жалпы, форум кәсіпкерлерге, топ-менеджерлерге және бизнес иелеріне компаниядағы директорлар кеңесінің рөлін қайта қарауға септігін тигізді. Бұған қоса, сарапшылардың тәжірибесін қабылдай отырып, бизнес-процестерін жолға қоюға мүмкіндік берді.
- 15.12.2023
- 190