- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 ж. 7 – 12 желтоқсан аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,76 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,31 м-ден 29,45 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,06 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,69 м-ден 29,57 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 30 қараша – 6 желтоқсан аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,95 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 26,64 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,40 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,22 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,70 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,56 м-ге сәйкес келді.
- 22.12.2023
- 163