- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 ж. 14 – 19 желтоқсан аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,85 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,31 м-ден 29,60 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,31 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,71 м-ден 29,64 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 7 – 13 желтоқсан аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 29,02 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 27,64 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,56 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,21 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,36 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,57 м-ге сәйкес келді.
- 22.12.2023
- 177