• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның Даму Банкі AIX биржасында CBI сертификаты бар «жасыл» облигацияларды орналастырды

25 желтоқсанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) «жасыл» облигацияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығының AIX биржасында орналастыру салтанатты рәсімі өтті. 

Бағалы қағаздар шығару көлемі 15 млн АҚШ долларын құрады, сауда-саттық қорытындысы бойынша купондық мөлшерлеме жарты жылда бір рет купондық сыйақы төлей отырып, 5,65% деңгейінде айқындалды.

«Еліміздің Президенті жариялаған 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жоспарларды және ESG қағидаттарын енгізудің жалпы трендін ескере отырып, «Бәйтерек» жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігін арттыру және қолданыстағы энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту кіретін «жасыл» жобаларды қолдауға ерекше назар аударады. Бүгінгі «жасыл» облигацияларды орналастыру Қазақстандағы ЖЭК-тің даму жолындағы тағы бір қадам болып табылады», - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева.

AIX биржасында орналастырылған барлық облигацияларды нарық қатысушылары толық көлемде сатып алды. Бұл ретте инвесторлар тарапынан жарияланған орналастыру көлеміне сұраныс 122,7 %-ды құрады.

ҚДБ ESG қағидаттарын өз жұмысы мен қарыз алушыларының қызметіне, оның ішінде Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту үшін тұрақты қаржыландыру құралдарын енгізу арқылы белсенді түрде енгізуде. Бұл саясаттың бір бөлігі облигацияларды AIX алаңында орналастыру болды – бұл Банктің екінші «жасыл» облигациялары. Бұл орналастыру үшін Орталық Азияда алғаш рет Climate Bonds Initiative халықаралық стандарттары бойынша сертификат алынғаны маңызды.

Climate Bonds Initiative (CBI) сертификаттауы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Green Finance Center серіктестігімен алынғанын атап өту қажет. Ол климаттық облигациялардың әлемдік стандарттарына бағалы қағаздардың сәйкестігін көрсетеді. Осылайша, Даму Банкінің облигациялары CBI халықаралық стандарттары бойынша сертификат алған Орталық Азия кеңістігіндегі қаржы институттары арасындағы борыштық капитал нарығындағы алғашқы мәміле болды.

Орналастыру нәтижесінде алынған қаражат Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы жобаны қаржыландыруға бағытталады. Таңдау жаңартылатын көздердегі үш жобаның арасында жасалуы мүмкін, олардың тізімі жобалардың несиелік қаражатты игеру кезеңіне дайындығына байланысты СBI сертификаттауына сәйкес анықталған.

Осы жобаларды іске асырудың арқасында Қазақстанда энергия өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі артады, сондай-ақ елдің энергия жүйесіндегі тапшылық азаяды.

«Жасыл» облигацияларды шығару Даму Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығы Astana International Exchange қор биржасы алаңында жүзеге асырған алғашқы мәмілесі болды.

«Бүгін Қазақстанда ғана емес, өңірде де жасыл қаржыландыруды дамытуда жаңа белеске қол жеткізілді, атап айтқанда Орталық Азияда Climate Bonds Initiative (CBI) стандарты бойынша сертификатталған жасыл облигацияларды алғаш рет орналастыру. Біздің биржамыз осы жылдар ішінде инновациялық, сондай-ақ тұрақты (sustainable) қаржылық өнімдер үшін алаң ретінде өзін танытқанына қуаныштымын. Мен Бәйтерек холдингіне, оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ біздің барлық эмитенттерімізге алаңымызды таңдаудағы тұрақтылық үшін алғыс айтамын», - деп атап өтті «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров. 

Jusan Invest компаниясы осы мәміледе қаржылық кеңесші және андеррайтер болып табылады.

  • 26.12.2023
  • 188
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика