• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин баяндама барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында облыста комплаенс-қызметтер жүйесі белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта комплаенс мәселелерімен айналысатын 98 маман жергілікті және орталық органдарда жұмыс істейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – квазимемлекеттік сектор субъектілері мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция.

Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды оңтайландыру үшін әдістемелік ұсыныс әзірлеп, семинарлар өткізген және 554 нормативтік құқықтық актілерге талдау жасаған. Сондай-ақ, 50-ден астам квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар ұйымдастырған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов өз сөзінде тоғыз ай ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мониторинг пен бақылау нәтижелері туралы есеп берді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша жүргізілген 20 бақылау іс-шараларының нәтижесінде 5 126 құқық бұзушылық анықталып, оның 23,7% - ы жергілікті атқарушы органдарға жатады. Тәртіптік жауапкершілікке құқық бұзушылық жасаған 64 қызметкер тартылған.

Әкімшілік кодекстің 465-бабына сәйкес департамент зерттеулер жүргізіп, 12 Әкімшілік хаттама жасады. Осылайша, мемлекет пайдасына жалпы сомасы 603 750 теңге айыппұл өндірілді.

Шағымдардың ең көп бөлігі жер қатынастарына тиесілі жалпы келіп түскен шағымның 42,4% – ы, сондай-ақ 24,2% - сәулет және қала құрылысы салаларына қатысты.

Сәулет саласындағы шағымдарды қарағаннан кейін департамент 4 әкімшілік іс қозғап, айыппұл өндірді.

-Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекет басшысы ашықтық талаптарын арттырып, бюрократияны төмендетуге ықпал ету үшін деректер базасын интеграциялауға және мемлекеттік қызметтерді жедел цифрландыруға ерекше назар аударуды тапсырды. Біздің өңірдің стратегиялық дамуы адалдық, тиімділік және жоғары стандарттарға сәйкестік қағидаттарымен тығыз байланысты және біз осы қағидаттарға сай болуымыз керек. Бұл біздің міндеттемеміз ғана емес, мемлекетіміздің оң имиджін қалыптастыруға қосқан маңызды үлесіміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті айтарлықтай жұмыс атқарды, бұл халық арасында ақпараттық іс-шаралардың ұйымдастыру мен тиімділігін арттырудың маңызды бөлігі болды. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

  • 26.12.2023
  • 184
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика