• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Қазақстандық тергеушілер 50 мыңға жуық істі сотқа жіберді

Бүгінде еліміздегі қылмыстық істердің 96%-ын ішкі істер органдарының тергеушілері тергеп жатыр. Осы жылдың басынан бері полиция 360 мың қылмыстық істі тергеді, оның ішінде 167 мың іс аяқталды, 50 мыңға жуығы сотқа жіберілді. Сонымен қатар биыл ІІМ-нің тергеушілері азаматтарға ірі шығын келтірген қылмыстық топтарға, есірткі зертханаларына, бала саудасына, қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істерді тергеуді аяқтады. Ішкі істер органдарының істері бойынша барлығы 49 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның 1409-ы аса ауыр қылмыс, 12 517-сі ауыр қылмыс жасағаны үшін. Тергеушілер жұмысындағы басым бағыттардың бірі – қылмыстан зардап шеккендерге келтірілген шығынның өтелуін қамтамасыз ету. Биыл жәбірленушілерге 21 млрд теңгеден астам шығын өтелді, ал мүлікті тәркілеуге қатысты сот үкімін орындау мақсатында 1 млрд теңгеден астам мүлікке тыйым салынды. Тергеу нәтижелері бойынша тергеу және анықтау бөліністерімен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы 50 мыңнан астам ұсыну енгізілді. – Ішкі істер министрлігі қылмыстық істерді тергеп-тексеру сапасына және сотқа дейінгі өндіріс барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына ерекше назар аударады. Қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру мәселелері де назардан тыс қалмайды. Осы жылы ІІМ базасында 300-ден астам тергеу аппаратының басшысы оқудан өтті. Ведомстволық оқу орындарында 450-ден астам қызметкер біліктілігін арттырды. Қылмыстың жекелеген түрлерін, оның ішінде интернет-алаяқтық сияқты жаңа түрлерін тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдар аумақтық полиция бөліністеріне жолданды, – деді ҚР ІІМ тергеу департаменті басқарма бастығы Ермек Шүлден. Қылмыстық процесті цифрландыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде полицияның тергеушілері мен анықтаушылары барлық мемлекеттік деректер базасына қосылатын қажетті құрал-жабдықтармен 100% қамтамасыз етілген, бұл әртүрлі сұраныстарды алу уақытын айтарлықтай қысқартты. Биыл аяқталған қылмыстық істердің 90%-дан астамы электронды форматта аяқталды. Қылмыстық процесті жетілдіру бойынша заңнамалық жұмыстар жалғасып жатыр. Осы жылдың 19 мамырында Қылмыстық-процестік кодекске қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары туралы түзетулер күшіне енді, онда тергеушінің қысқаша хаттама жасау және бейнеформатта тергеу жүргізу құқығын көздейтін өзгерістер енгізілді. Норма азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға және тергеу әрекеттерін жүргізу уақытын қысқартуға бағытталған. Биыл жаңа бейнеформатта 19 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. Жалпы қабылданған шаралар сотқа дейінгі тергеу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік берді, атап айтқанда: – қылмыстық істерді тергеу сапасы 30%-ға артты; – азаматтардың, оның ішінде соттармен ақталған адамдардың конституциялық құқықтарының бұзылуы 52%-ға қысқарды; – тергеу мерзімдерін сақтау 30%-ға жақсарды.

  • 28.12.2023
  • 292
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика