- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
АҚТАУДА ЖАҢА АВТОБУСТАР ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ
Ақтау қаласындағы автобус паркі жаңа 30 заманауи көлікпен толықты. Аталған автобустар қолданыстағы №5 және 4м бағытында қатынайтын болады. Сонымен қатар, Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосынан бастап қаланың барлық шағынаудандарын қамтитын №107 (бұрынғы №1) жаңа бағыттағы қоғамдық көлікке де қосылады.
Бұдан бөлек, қала тұрғындарын жылы жағажай аумағына тасымалдау мақсатында №3а бағыты пилоттық нұсқада қосылуда. (№3 бағыты бойынша жүреді, әрі қарай жылы жағажайға қатынайды)
Ағымдағы жылдың мамыр айында №2 бағытындағы автобустарды жаңалау жоспарлануда. Бүгінгі таңда аталған автобустарды Әкелуге келіссөздер жүргізілуде.
- 28.01.2021
- 237