- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Қарағанды облысының автожолдарынан 200-ге жуық адам эвакуацияланды
Өткен тәуліктерде Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД және ә/б күштерімен 52859 ТЖМ қар құрсауында қалған автомобильдерден 190 адам, оның ішінде 27 бала жақын елді мекендерге эвакуацияланды.
Сонымен қатар, 172 адам жылыту пункттерінде орналастырылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Құтқарушылар келесі ережелерді ұстануды ұсынады:
- автожолдардағы қозғалыстың жабылуы немесе шектелуі туралы ақпаратты қадағалау;
- ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге бармау;
- жабылған автожолдарда көлік құралдарының кептелісін құрмау.
Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы мына телефондарға хабарласуға болады: 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37.
- 11.01.2024
- 225