• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЛМАТЫДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН БІРГЕ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алматыда балалар тақырыбында қалам тербейтін ақын-жазушылар, балалар баспасы басылымдарының бас редакторлары, Журналистер және Жазушылар одағы өкілдерінің, сондай-ақ республикалық кітапхана директорларының басын қосып, "Шығармашылық зиялы қауым - Қазақстан балаларына" тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік.

Жиынға қатысушылар балалар әдебиетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, қазақ тіліндегі контенттің сапасын арттыру және оны өңірлік білім басқармаларымен, кітапханалармен, ата-аналар ұйымдарымен, сондай-ақ ірі еңбек ұжымдарымен бірлесе жұмыс істеу жолдары сөз болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Балалар кітапханасының" жаңа моделі құрылуда. Биылғы оқу жылында белсенді оқырмандарды 100 көркем, ғылыми-танымдық кітап оқуға ынталандыру, электронды кітапханалар мен онлайн-ресурстар құру, газеттер мен журналдарды оқу мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар басталды. Бұл бағыттағы жұмыс "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында да жүргізілуде. Қазір біз мектеп кітапханашыларының мәртебесі мен жалақысын көтеру мәселесін қарастырып жатырмыз.

Сондай-ақ балаларға арналған басылым ұжымдарының жұмысын жоғары бағалап, алғыс хаттармен марапаттадым. Олардың қатарында: "Ұлан", "Дружные ребята", "Қазақстан дәуірі" газеттері, сондай-ақ "Ақ Желкен", "Балдырған", "Ақылдым", "Жеті Әлем", "Мөлдір бұлақ", "Айгөлек" және т. б. журналдар бар.

Кездесу қорытындысы бойынша балалар мен жастарға арналған туындылар жасайтын шығармашылық зиялы қауымды, креативті индустрия шеңберінде балалар басылымдарының жобаларын қолдау жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру, "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" шеңберінде жеке тақырыптық секция өткізу туралы шешім қабылданды.

  • 16.01.2024
  • 199
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика