• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су тарту арналарының инфрақұрылымын дамытудың екі кезеңдік жобасы ұсынылды

Маңғыстаудың негізгі инфрақұрылымдық объектілері - ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жинау арналарының жұмысына Каспий теңізінің таяздануына байланысты қауіп төнуі мүмкін. Су тарту арналарының инфрақұрылымын дамыту өңірді сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Бұл инфрақұрылымды жаңғыртудағы және өңірдің энергетикалық тұрақтылығын арттырудағы маңызды қадам. Жобаның барысы бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖЭО-1-дің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі сатылы жоба ұсынылады. Бірінші кезең 1-ЖЭО объектісінде Каспий теңізінен реконструкцияланатын теңіз сорғы станциясына дейінгі ұзындығы 1,4 км су құбырын салуды қамтиды.

Жобаның екінші кезеңінде Ақтау халықаралық теңіз портының солтүстік шекарасы ауданында су тарту арнасын салу көзделіп отыр. Бұл кезең ЖЭО-1 су қабылдау каналын теңізде 700 метрге ұзартуды қамтиды.

Сондай-ақ, бұл мәселені шешу үшін «МАЭК» ЖШС арна түбіндегі шөгінділерден тазарту жұмыстарын жүзеге асыруда. Жер снарядтың көмегімен 550 метр тазартылды,ал қалған 50 метр канал мен 100 метр аванкамера өңдеу процесінде. Сонымен қатар, экскаватор ені 1,5 метр және тереңдігі 3 метр болатын 120 метрлік траншеяны тазартты.

Бұған қоса, Каспий теңізінің деңгейі төмендеген кезде теңіз суының тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін ЖЭО-2 су алу каналының өткізу қабілетін арттыру бойынша жобалар әзірленуде. Қазіргі уақытта бұл арнадағы су деңгейі 1,5-4 метрді құрайды.

Жобалармен танысып, зерделегеннен кейін Нұрлан Ноғаев ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жұмыстарын оңтайландыру үшін бірқатар тапсырмалар берді.

- Біздің басты мақсатымыз-МАЭК-тың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Біз аймақ тұрғындарының суға, электр энергиясына және жылуға әрқашан сенімді қол жеткізуін қамтамасыз етуге тырысамыз. Осы мақсатқа жету үшін біз кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Дегенмен, жобаларды әзірлеу процесін жеделдету қажет. ЖЭО-1 бойынша жобалар жеткіліксіз пысықталған. Мұнда тәжірибелі мамандар қажет. Қажет болған жағдайда мердігердің жауапкершілігі мәселесін қарастырамыз. Ресурстарды тиімді пайдалану және жұмысты сапалы орындау маңызды, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

  • 16.01.2024
  • 182
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика