• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді беру ережелерін бұзатын дәріханалардағы бақылауды күшейтуді тапсырды

Өңірде рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді беру ережелерін бұзатын дәріханалар мәселесі өзекті. Құныққан фармацевтер есірткіге тәуелді адамдарға күшті дәрілерді сатады. Бұл туралы облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен кеңес барысында азаматтық белсенді Роман Оразымбетов айтты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының әкімдігінде есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшылары, облыстық прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.

Роман Оразымбетов өз сөзінде соңғы 10 жылда нашақорларлыққа тәуелділердің жасы күрт жасарғанына баса назар аударды. Оның айтуынша, қылмыстық топ жетекшілері жастарды есірткі таратуға тарту үшін электронды сайттарды: күмәнді желілерді, мессенджерлерді белсенді пайдаланады.

-Бүгін тұтынушылар аудиториясы өзгерді. Егер бұрын героин, есірткіге 25-29 жастағы адамдар тәуелді болса, қазір аудитория күрт жасарып кетті. Бұл негізінен интернет арқылы есірткі трафигіне қатысатын кәмелетке толмағандар. Жасөспірімдер салдарын білмей, желідегі бейтаныс адамдардың айтқанына сеніп, есірткілерді таратуға келіседі. Осылайша, жастар бейсаналық түрде есірткіні тарату мен қолданудың серіктестеріне айналады, бұл олардың болашағы үшін ауыр зардаптарға әкеледі. Есірткі диллерлерінің мақсаты-әлеуметтік желілер арқылы балаларды есірткі қолдануға тарту, ал біздің міндетіміз-оларды алдын алу шаралары арқылы қорғау. Біз бұған баса назар аударуымыз керек, - деп атап өтті Роман Оразымбетов.

Азаматтық белсендінің айтуынша, дәріханаларда құрамында есірткі бар препараттар рецепт бойынша қатаң түрде босатылады. Алайда Ақтаудың кейбір дәріханаларында мұндай дәрі-дәрмектер дәрігердің арнайы рұқсатынсыз сатылады. Ал нашақорлар бұл мүмкіндікті пайдаланады.

Жиналыстан кейін полицейлер жұмыс тобының мүшелерімен бірге Ақтау дәріханаларының бірін тексерді, онда белсенділердің айтуынша, рецептсіз күшті дәрілерді сатады.

-Мұндай кішкентай және бір қарағанда көзге еленбейтін дәріханалар - бұл есірткіге тәуелді адамдардың есірткі заттарын жасау үшін дәрі - дәрмектерді сатып алуға келетін орны, - деп атап өтті азаматтық белсенді.

Жұмыс тобы келген кезде фармацевтті жұмыс орнында таба алмады, алайда дәріхана ашық болды.

Нұрлан Ноғаев есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басым міндеті деп атады. Оның айтуынша, есірткі бойынша барлық қылмыстық істер прокуратура органдарында ерекше бақылауда болуы тиіс.

-Осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев синтетикалық заттарды қоса алғанда, есірткінің таралуы Қазақстанның болашағы үшін елеулі қатерге айналуда деп атап өткен болатын. Тұрғындар бұл мәселе кез-келген адамға әсер етуі мүмкін екенін білуі керек. Ертең біздің балаларымыз есірткінің құрбаны болмас үшін бүгін нақты қадамдар жасалуы қажет. Атап айтқанда, дәріханаларға рейдтер жүргізу, жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру. Есірткі-бұл қауіпті ауру, оны басқару өте қиын. Біз белсенділерге әлеуметтік жағдайларға немқұрайлы қарамайтыны үшін алғыс айтамыз. Прокуратура мен құқық қорғау органдары рецепт бойынша дәрі - дәрмектерді босату ережелерін бұзатын дәріханаларға бақылауды күшейтуі, сондай-ақ синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу үшін қарқынды жұмыс істеуі қажет, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2023 жылы өңірде 300-ден астам есірткі қылмысы анықталған.

Сонымен қатар, «марихуана» есірткі затын өсірумен айналысатын төрт есірткі зертханасы анықталып, жойылды.
Сотқа 270 қылмыстық іс жіберілді, оның 57 - сі ауыр және аса ауыр қылмыстар.

255 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал 43 адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатыр.

  • 16.01.2024
  • 218
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика