- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін, 16 қаңтарда өңір басшысы облыс активіне Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке бұған дейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған Нұрбол Телегенов тағайындалды.
Нұрбол Телегенов Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Отан» партиясы Сарыарқа аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі, «Жас Отан» Жастар қозғалысының басшысы, Астана қаласы «Отан» партиясы Орталық аппаратының хатшы-референті болып бастады.
2005 жылы «Студенттік құрылыс жастарының еңбек жасақтарының республикалық штабы» мекемесінің атқарушы директоры болып тағайындалды.
2006 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы.
2007 жылдан 2008 жылға дейін балалардың құқықтарын қорғау Комитеті әкімшілік-кадрлық және құқықтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.
2008 жылдан 2009 жылға дейін Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.
2009 жылдан 2010 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ персоналды басқару департаментінің менеджері, Ақтау қаласы.
2010 жылдан 2013 жылға дейін Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.
2013 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің фронт-офис қызметінің басшысы.
2014 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас консультанты, сектор меңгерушісі.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
Нұрлан Ноғаев осы лауазымды бұрын атқарған Әлігер Інкаровқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, басқарманың жаңа тағайындалған басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
- 16.01.2024
- 187