• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АҚТАУДА АВТОРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН “ҚҰНАНБАЙ МЕН АБАЙ” ПЬЕСАСЫ САХНАЛАНДЫ

Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушановтың ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнайы жазған «Құнанбай мен Абай» пьесасы сахналанды. Театрланған қойылымды тамашалауға өңір басшысы Серікбай Трұмов, шығарма авторы ақын, жазушы Есенғали Раушанов келді. Облыс әкімі қойылымнан алған әсерімен бөлісіп, театрдың шығармашылық ұжымына алғысын жеткізді.
«Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі бастап, ұлы Абайдың 175 жылдығы елімізде кең көлемде аталып өтті. Біздің облысымызда да ақынның шығармашылы жоғары деңгейде насихатталды. Бүгінгі Есенғали Әбдіжаппарұлы жазған қойылымы хәкім Абайдың мерейтойына ерекше сый болды. Қойылымда Абай ілімінің маңызы мен әке мен бала арасындағы рухани жақындықтың шынайы үлгісін көрдік. Міне, осындай туындыны дүниеге әкелген Есенғали Раушановқа Маңғыстау жұртшылығы атынан зор құрметпен алғыс айтамын»,-деді С.Трұмов.

Көрерменге жол тартқан шығармада ел иесі Құнанбай мен сөз иесі Абай арасындағы бұл дүниеде ашылмаған қарым-қатынастың қатпарлары ашылып, айтылмаған сырлары айтылады. Әке мен баланың екеуара бүкпесіз, ащы да болса ақиқат әңгімелері арқылы кеңестік идеология үстемдігі кезінде Құнанбайға даланың кертартпа шонжары, ел басындағы бақытсыздықтың құнекері деген қарғыс таңбасын көрерменді иландыра отырып алып тастайды. Ақын, дана Абай басындағы барлық асыл қасиеттердің балаға әке кіндігінен, текпен беріліп, тәрбие арқылы сүйекке сіңіп, дамитынын меңзейді. Көрермен Абай өлеңдері мен әндерінің, қара сөзерінің сахнада керемет үйлесіммен орындалуы арқылы әкеге қонбай кеткен өлең мен өнердің бала бойында қалай бағы жанып, бала Абайдың дана Абайға, ұлт ұстазына айналғанына куә болады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.01.2021
  • 262
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика