- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттік органдар үшін негізгі басымдықтың бірі
Сыбайлас жемқорлық - бұл экономикадан бастап қоғамның әртүрлі салаларына әсер ететін, мемлекеттік органдарға деген сеніміне әсер ететін маңызды әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік органдардың жауапкершілігінің ажырамас бөлігі. Төменде бұл күрестің неліктен басым рөлде екені бірнеше негізгі аспектілермен қарастырылған.
1. Экономикалық даму.
Сыбайлас жемқорлық бұл бизнесті дамыту үшін қолайсыз жағдайларды және инвестициялар ағынын шектейді. Сонымен қатар, бәсекеге қабілеттіліктік деңгейін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арқылы адал бәсекелестікті қалыптастырады және инвестиция көлемінің ұлғаюына септігін тигізеді.
2. Мемлекеттік институттарға деген сенім.
Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жасағанда, бұл қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтады. Ашықтық пен жауапкершілік азаматтар мен мемлекет арасындағы тұрақты қарым-қатынастың негізгі құралы болып табылатыны анық.
3.Әлеуметтік тұрақтылық
Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі әлеуметтік тұрақсыздық деңгейіне тікелей әсер ететін факторлар. Егер азаматтар әділетсіздік пен жазасыздықты сезінсе, бұл әлеуметтік шиеленістерге әкелуі мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға тікелей ықпал етеді.
4. Халықаралық бедел
Сыбайлас жемқорлықпен үздіксіз күресу арқылы, мемлекет халықаралық деңгейде жоғарғы сенімге ие болады. Бұл сауда-саттық бағытында тұрақты серіктестіктердің артуына, шетелдік инвестицияларды тартуға және халықаралық бастамаларға қатысуға үлкен мүмкіндік береді.
5.Институттардың тұрақтылығы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар билік институттарын нығайтуға оң септігін тигізеді. Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытса, бұл олардың беделі мен тиімділігін арттырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұл тек ішкі саясаттың мәселесі емес. Бұл қоғам мен үкіметтің барлық деңгейлерінде күш-жігерді қажет ететін қазіргі әлемдегі стратегиялық басымдық. Бұл күресте жеңу ашықтық, әділеттілік және жауапкершілік принциптеріне негізделген қоғамды құру деген сөз.
Заманауи технологияларды қолдану сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі элементі. Халықпен өзара іс-қимыл жасау үшін Telegram-чат және бюджеттің тиімді игерілуін бағалау үшін «Ашық бюджет» жобасын енгізу арқылы мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының ашықтығын қамтамасыз етуде.
Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Біздің облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен ынтымақтастығымыз 2022-2026 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын» қамтитын меморандумда және бекітілген іс-шаралар жоспарында көрсетілген. Біз азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың зияны және олардың осы құбылыстың алдын алуға және тиісті бағытта ақпараттық жұмыс жоспарын әзірледік.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық үшін қатаң жауапкершілік пен жазалау шараларын енгізу, қорқыту әсерін тудыратын тежеуші фактор әсер ететіндігін атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Яғни, заңның үстемдігін орнату және құқықтық мемлекетті құру үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықты жою қажет.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ішкі және сыртқы факторларды да қамтитын ұзақ мерзімді стратегиялық процесс екенін атап өткім келеді. Цифрлық трансформация, білім беру және халықаралық ынтымақтастық институттарын нығайту, бұл сыбайлас жемқорлықтың зиянды зардаптарынан тәуелсіз қоғам болатыны анық.
- 18.01.2024
- 199