• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағандыны дамыту бойынша кеңес өткізіп, алдағы уақытта атқарылатын негізгі мақсат-міндеттерімізді айқындап алдық

Қалада тұрғын үй, газдандыру, су, жылу, әлеуметтік сала және абаттандыруға қатысты бірқатар мәселелер баршылық. Оларды шешу бойынша тиісті тапсырмаларды бердім.  

Тұрғын үй бойынша. Қалада 350 мың шаршы метр баспана салынатын болады. Сондай-ақ үйлерді газға қосу бойынша жұмыстарды жандандырамыз. Бұл үшін жаңа іске қосу кешендерін салып, үйлерді газға қосу үшін пайызсыз несиелерді беруді жалғастырамыз.

Сумен жабдықтауға келетін болсақ, біз жыл сайын орталық ауызсумен қамтуды арттырып жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз орталықтандырылған сумен жабдықтауға 100% қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ол үшін Ғарышкерлер, Камская, Гудермесская көшелерінде, сондай-ақ Үлкен Михайловка станциясында, Майқұдық, Пришахтинск аудандарында, оның ішінде Жаңа Тихоновка, Сұрыптау аудандарында су құбыры желілерін салуды бастаймыз.  

Биыл қалада үшінші жылу құбырын іске қосамыз, бұл жаңа тұрғын үйлер мен бизнес нысандарын жылу энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Шахтерский кентін орталық жылу жүйесіне  қосамыз.

Биыл қалада төрт заманауи мектеп салынады. Сонымен қатар Пришахтинск балалары үшін Шығармашылықты дамыту орталығы ашылады. Майқұдықта да осындай орталықты салуды тапсырдым.

Тұрғындар көшелерді жарықтандыру мәселесін жиі көтереді. Осыған байланысты биылғы жылы мектептердің, ауруханалардың, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жанынан бір мың жарықтандыру тірегін орнатамыз.

Әрине қаланы абаттандыру мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқпыз. Бұл жерде аумақты абаттандыру ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары және  бизнес үшін тартымдылық нүктесі болатын қоғамдық кеңістіктерді құру қажет. Қаладағы Бұқар жырау даңғылындағы тротуарларды реконструкциялауды жалғастырып, Назарбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер аймақтарын жаңғыртуды қолға аламыз. Оңтүстік-Шығыста жаңа Сарыарқа саябағы мен Алаш аллеясы пайда болады. Сталелитейная көшесінде, ЖБИ ауданында және Пришахтинсктегі №32 мектептің алдында, сондай-ақ Архитектурная көшесінде скверлер салынады. Бұған қоса, Жаңа Майқұдық МҮ мен Станиславский театрының алдындағы алаңдарды абаттандырамыз.  

Бұл әрине шешуге тиісті мәселелердің аз ғана бөлігі.  Қалада автомобиль жолдары, қоғамдық көлік, экология және тағы басқа мәселелер бар. Қарағанды облыс орталығы ғана емес, сонымен қатар серіктес  қалаларды қамтитын үлкен Қарағанды агломерациясының ядросы. Осыған байланысты облыс орталығының дамуы біздің серіктес қалаларымыздың дамуына да оң ықпал ететін болады.

  • 23.01.2024
  • 251
Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика