• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тарихымызды сақтайық: Нұрлан Ноғаев мемлекеттік мұрағаттың жаңа ғимаратының құрылысы туралы айтты

Мемлекеттік мұрағаттың жаңа ғимаратының құрылысы тарихи құжаттарды сақтау және оларға қол жеткізу үшін заманауи талаптарды қамтамасыз ететін, сондай-ақ Маңғыстау облысында мұрағаттық сақтаудың жоғары стандарттарын қолдауға ықпал ететін жоба болуға тиіс. Бұл туралы 23 қаңтарда өткен аппараттық кеңес барысында Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов 2023 жылғы мәдениет саласындағы негізгі жетістіктер туралы баяндама жасап, мәдени нысандарды дамыту бойынша 6,6 мыңнан астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылғанын айтты. 

2024 жылы 15 мәдениет нысанын жөндеу,  Ақтау қаласының 11 шағынауданында орналасқан бұрынғы «Юность» кинотеатрын инвесторлардың қолдауымен айтыс орталығына айналдыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, үш жаңа мәдениет үйін салу жоспарланған. 

Бұдан басқа, «Ауыл – ел бесігі»  бағдарламасы аясында Сайөтес және Дәулет ауылдарында 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Ғимараттарды 2024 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. 

2024 жылы мәдениет басқармасы дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу, басқада ірілі-ұсақты шараларды ұйымдастыруды қоса есептегенде 7,7 мыңнан астам шара өткізуді жоспарлап отыр.

Жиында Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатының жағдайына ерекше назар аударды, өйткені мұнда мұрағат қоймаларының толу деңгейі 90% құрайды. Ақтау қаласының 37 шағынауданында жаңа мұрағат ғимаратының құрылысы жоспарланған. Алайда құрылыс алаңында инженерлік желілердің болмауына байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылды.

Өңір басшысы облыстық мұрағат тарихты сақтаудың негізі болып табылатынын және өңірдің мәдени мұрасын дамытуда маңызды рөлге ие екенін атап өтті. 

«XXI ғасыр - жаһандану заманында біз ұлт болып қалуымыз үшін, тіліміз, әдет-ғұрпымыз бен салт дәстүрлеріміз, мәдениетіміздің рөлі өте маңызды. Мәдениет бұл-ұлт айнасы. Еліміздің әлемге өзінің ұлттық құндылықтарын танытатын айнымас құралы. Біз ата-бабаларымыздан сақталып келген сан ғасырлық мәдениетімізбен тарихымызды өшіріп алмай, келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Осы тұста өңіріміздегі мәдени ошақтардың рөлі зор. Тұлға ретіндегі рухымыздың дамуы үшін және ұлт ретінде сақталуымыз үшін мәдениетімізді дәріптеу өте маңызды. Осы тұста архивтер - бұл жүйелі жұмыстың ажырамас бөлігіне айналған. Бұл жерде тек құжаттар мен есімдер ғана емес, біздің тарихымыз сақталады. Сол себепті облыстық архив ғимаратының құрылысына байланысты туындаған сұрақтарды жедел шешу керек деп санаймын» - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 24.01.2024
  • 233
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика