• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОҚУ-АҒАРТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІКТЕРІ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫСТЫ БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗБЕК

 Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен жұмыс бабымен кездесу өткіздік. Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу және балалар мен оқушылардың бос уақытын мағыналы ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқыладық. Бұдан бөлек Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан «Алтын емел» кешенін осындай мақсатқа пайдалану жөніндегі ведомстволар арасындағы шартты ұзарту жайын қозғадық.
Қорғаныс ведомствосының басшысы бүгінгі таңда «Алтын емел» аумағында оқу-сауықтыру орталығы толық жұмыс істемейтінін атап өтті. Ол Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалының нысандарын жөндеуге, спорт алаңдары мен тағы бір асхана салуға көмек көрсетуді ұсынды.

«Балдәурен» РОСО-ның төрт филиалында әскери қызметшілер мен Қарулы күштер қызметкерлерінің балаларына демалу, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оңалтуға квоталар бөлу мүмкіндігі де талқыланды.

«Балдәурен» РОСО барлық филиалдарында әскери қызметшілердің балаларын сауықтыруға арналған квота туралы ұсынысты қолдадым.  Біз қазір әскери бөлімдерде ашық есік күндерінің жүйелі түрде өткізіліп жатқанын байқап отырмыз. Мектеп бітіруші сынып оқушыларын әскери-патриоттық тәрбие саласына белсенді тарту, оларды армияның күнделікті өмірімен таныстыру қажет.

Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуге алғашқы әскери дайындығын ұйымдастырушы оқытушылар ретінде әскери зейнеткерлердің қатысуына да қолдау білдірдім.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті меморандум жасасу және балалар мен оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша бірлескен жұмыс жоспарын жасау жөнінде жұмыс жүргізуге шешім қабылданды. Екі министрліктің ынтымақтастығы ашық есік күндерін өткізуді, «Балдәурен» РОСО филиалдарында үйірмелер, спорт секцияларын ашуды және сыныптарды тақырыптық безендіруді көздейді. Бұл бағытта жұмыс әрі қарай жалғасатынын айта кеткен жөн.

  • 25.01.2024
  • 219
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика