• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Шортанды және Ақкөл аудандарын аралап, бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысты

Өңір басшысы Шортанды ауылындағы № 1 орта мектепте болып, осы жерде жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған мектеп ғимараты 320 оқушыға арналған. Өткен оқу жылында мұнда 234 оқушы білім алды. Оның ішінде 13 бала Мықтыкөл және Новографское ауылдарынан жеткізіледі.

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамединнің айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мектепті ағымдағы жөндеуге 60 миллион теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын «Пласт плюс» мердігерлік компаниясы бастады, онымен 38,5 млн теңге сомасына шарт жасалды. Мердігерлер ғимараттың қасбетін жаңартып, терезелерді ауыстырды.

Аудан орталығын қарап шығып, Ермек Маржықпаев Дзержинский көшесіндегі 52 тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға және ағымдағы жөндеуден кейін орталық алаңның қандай екеніне назар аударды. Тұрғын үйдің ауласында бедерлі тастар төселді, футбол және балалар ойын алаңдары салынды, яғни балалардың ойындары мен бос уақытын өткізу үшін жағдайлар жасалды. Жоғарыда айтылғандардың барлығы үшін облыстық бюджеттен 33 миллион теңге бөлінді. Облыс әкімі тұрғын үй аулаларын абаттандыру бойынша басталған жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Абылай хан көшесіндегі 51,2 миллион теңге сомасына орталық алаң мен скверге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, аудан әкімдігі ғимаратының шатыры мен қасбеті жаңартылды.

Облыс басшысы аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өткен жылдың маусым айында ашылған сервистік әкімдікке барды. Мұнда ол халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына назар аударды.

Андреевка ауылындағы «Нива» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысады. Өткен жылы егін жинау кезінде шаруашылықпен гектарына 12,3 центнер астық алынды. Мал шаруашылығы саласына келетін болсақ, бүгінде мұнда 389 бас ірі қара, 22 жылқы, 160 шошқа бар. Жалпы шаруашылықта 150 адам еңбек етеді. Серіктестіктің қызметімен танысқан облыс әкімі ауылдағы әлеуметтік нысандарды да қарап, олардың жағдайына назар аударды.

Одан әрі өңір басшысының сапары Ақкөл ауданында жалғасты. Мұнда ол аудан орталығындағы Иманов көшесіндегі 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқанымен танысты. Құрылыс алаңында «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС жұмысшылары жұмыс істейді. Қазіргі уақытта нысанда қабырғалар тұрғызылды, олардың ішкі және сыртқы әрленуі жүргізілуде, шатыр орнатылуда, құрылысшылар пәтерлерді ішкі әрлеуді, плиталарды салуды, есіктерді орнатуды, ішкі инженерлік жүйелерді төсеуді қолға алды. Облыс әкімі мердігерлерге жіберілген кемшіліктерді жедел жоюды және кестеге сәйкес жұмыс қарқынын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақкөлде өңір басшысы КСМК шағын ауданындағы көп пәтерлі бес тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін «Восточная» қазандығы мен жылу магистралін аралап көрді. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қазандық пен желілерді қайта жаңартуға бюджеттен 786,1 миллион теңге бөлінді. Осының арқасында бірнеше көп пәтерлі тұрғын үйлер орталық жылу жүйесіне қосылған. Қазандықтарды қарап шығып, аудан орталығының тұрғындарымен кездескен облыс әкімі олармен әңгіме барысында Ақкөл тұрғындарының назарын осы мәселенің сәтті шешілуіне аударды.

Сапар барысында облыс басшысы «Орда» сауда үйінде, «E-Нәтиже» жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету орталығында және №4 Ақкөл орта мектебінде болды.

  • 30.01.2021
  • 345
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика