• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ШОБ-тың дамуы: 2023 жылы 1700-ге жуық жоба қолдау тапты

Ақтөбе облысында былтыр 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 1637 жобаға қолдау көрсетілген. Оның 23 пайызы – аудандарға тиесілі. Ал шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржы көлемі 14,2 млрд.теңгені құрады.

 Өңір басшысының төрағалығымен өткен отырыста  баяндама жасаған кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев шағын және орта бизнес саласында Ақтөбе облысының өңірлер бөлінісінде мемлекеттік қолдау көрсетілген жоба саны бойынша үздіктер қатарында тұрғанын айтты. Бұған «Ауыл аманаты» жобасының да тигізген әсері бар.
 2023 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарлама іске қосылды. Жалпы сомасы 2 млрд. теңге қаржы Хромтау моноқаласының кәсіпкерлеріне кредит ретінде беріледі. Қаржыландыру облыстық бюджеттің аралас қаражаты, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Қазхром ТҰК» АҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Хромтауда 1,1 млрд. теңгеге 53 жоба мақұлданды.
  2024 жылдың 1 қаңтарында тіркелген дерекке сүйенсек, облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5%-ға артып, 83,8 мың бірлікті құрады.
 Өндірген өнім көлемі былтырғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1,5 трлн теңгеге жеткен. 2022 жылы бұл көрсеткіш 1,2 трлн.теңге болды. Салада 172,7 мың адам қызмет етіп жүр.
  Алмас Салықбаевтың сөзінше, биыл қонақ үй кешені, супермаркет, сауда үйі, жартылай фабрикаттар өндіру цехы, ТҚҚ және көлік жуу қызметін ұйымдастыру, спорт кешендерін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
  Жиында облыс әкімі Асхат Шахаров бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларға жаңа өзгерістер енгізіліп жатқанын, оны кәсіпкерлерге түсіндіру қажеттігін алға тартты. Салаға жауапты басшылар шағын және орта кәсіпті дамыту бағытындағы белгіленген межені орындап, жұмыстарды күшейтуі тиіс.

  • 30.01.2024
  • 167
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика