• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда бұқаралық спортты дамыту бойынша кеңес өтті

Маңғыстауда Нұрлан Ноғаевтың басшылығымен өткен аппараттық кеңесте бұқаралық спорт пен балалар спортын дамыту мәселелері мен мүмкіндіктері қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде 31 мемлекеттік спорт мекемесі, оның ішінде 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 6 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, бір Олимпиадаға дайындық орталығы және бір ұлттық спорт орталығы бар.

Өңірде барлығы 813 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді, олардың тек 49%-ның жаттықтырушы санаты бар.

Маңғыстау облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының хабарлауынша, 2024 жылы жаттықтырушылардың біліктілігін кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда, себебі бұл спорттық жетістіктерге және өңірлік спорт әлеуетін дамытуға тікелей әсер етеді.

Мақсат Мұқаштың айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірде спорттық атақтар алу көрсеткіштері төмен. Сонымен қатар, 2023 жылғы жазғы VI ҚР-ның спартакиадасында облысымыз 3 қала мен 17 облыстың ішінен 18-ші орынды иеленген.

2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Онда спорттың 24 түрі бойынша 110 медаль ойналады. Маңғыстаудан бір ғана спортшы-Нұрдәулет Жарылғапов қатысады.

2024 жылдың 26 шілдесімен 11 тамызы аралығында жоспарланған Париж Олимпиадасының басталуына небәрі 178 күн қалды. Алайда, қазіргі уақытта біздің аймақта осы маңызды спорттық іс-шараға қатысуға лицензиясы бар спортшы жоқ.

«Біз шахматшы Бибісара Асаубаеваның жетістіктерін мақтан тұтамыз, ол 2023 жылдың қазан айында әйелдер арасында 16 дүркін әлем чемпионы болып, Үлкен швейцариялық жүйе атағын иеленді. Сондай-ақ ұлттық құрамада 2024 жылы Парижде өткен «XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына» жолдама алған Ерболат Алтаев, Бауыржан Оразалиев және жаттықтырушы Құралбек Сейдов үздік нәтижелер көрсетті. Талантты спортшыларды даярлау және жастар мен ересектер резервін қалыптастыру үшін өңірде спорт саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат құру қажет екенін атап өтемін. Қазіргі уақытта республикада осындай 20 оқу орны жұмыс істейді және біздің өңірде осындай мектептің ашылуы спорттың дамуына ықпал ететін болады. Бұл сондай-ақ шалғай аудандардан шыққан дарынды балалардың үздіксіз спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аймақтағы спортты дамыту дирекциясының ашылуының маңыздылығын атап өту керек. Оның ашылуы өңірдегі спорт саясатының стратегиясын қалыптастыруға және іске асыруға, ал дирекцияның өзі - спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты болады», - деді Мақсат Мұқаш.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев спортшылар үшін қолайлы жағдай жасауда ресурстарды тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар аударады және спортты белсенді түрде қолдайды. Маңғыстау облысында жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұрғындар саны артып келеді. 2021 жылдан бастап біз жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын спорттық тапсырысты белсенді түрде жүзеге асырып келеміз. Бұл бастама бұқаралық спортты дамытуға және балалар мен жасөспірімдерге тегін спорттық іс-шаралар ұсынуға бағытталған. Қазіргі уақытта біз 80 жеке кәсіпкерді қолдап, спорттың 26 түрі бойынша 701 спорт секциясын аштық. Бұл спортқа 10 516 бала мен жасөспірімді тартуға мүмкіндік берді. Әр баланың спортпен шұғылдануға мүмкіндігі болуы маңызды», - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

  • 31.01.2024
  • 222
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика