• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Бір ауыл-бір өнім»: Маңғыстаудағы жұмыссыздық мәселесін шешу және ауыл бизнесін дамыту мүмкіндігі

2024 жылы 31 қаңтарда Маңғыстауда Құрық ауылында «Бір ауыл – бір өнім» жобасын дамыту бойынша көшпелі өңірлік кеңес өтті, онда Маңғыстау өндірушілерінің қайталанбас бірегей бұйымдары ұсынылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаға қатысушылар Маңғыстауда өндірілетін сүт, ет, балық өнімдері мен тыңайтқыштар, этностильдегі бұйымдарды ұсынды.

Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Бір ауыл - бір өнім» жобасының өңірлік тәлімгері Сәуле Салихова Маңғыстау облысы жергілікті шикізаттан тауарлар мен өнімдерді сату бойынша тамаша нәтижелер көрсеткенін айтты. Жобаға соңғы 2-3 жыл ішінде өз бизнесін бастаған және дамытқан 50-ден астам әйел қатысады.

Солардың қатарында, маңғыстаулық фермер Александра Григолова да бар. Ол 3 жылдан бері ешкі сүтінен ірімшік жасаумен айналысады. Александра жұбайымен бірге ашқан фермада әуелде үш ешкі ғана болған. Қазір олардың саны жүзден асады. Ешкі сүтінен ірімшік, йогурт және ашытылған сүт өнімдерін шығарады. Оның жасаған ірімшіктері Франциядағы халықаралық ірімшіктер байқауында үздік деп танылды. 2023 жылдан бастап фермер түйе сүтінен де ірімшік жасауға шешім қабылдады.

Қарақия ауданының Құрық ауылында «Бір ауыл - бір өнім» жобасы аясында жергілікті қолөнершілер экологиялық таза қой мен түйе жүнінен өнім даярлайды. Бұл өнімдер қазіргі таңда Қырғызстанға, сондай-ақ eBay маркетплейсі арқылы АҚШ-қа экспортқа жіберіліп үлгерді. Алдағы уақытта Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания сияқты Скандинавия елдеріне және Жапония нарығына шығу жоспарлануда.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай тауарлар мен өнімдерді сату нүктелерін құру және оларды танымал етудің маңыздылығына тоқталып өтті.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына қойған негізгі талаптардың бірі шағын және орта бизнесті белсенді дамыту болып табылады. Біздің тарапымыздан Президенттің алға қойған міндеттерін тиімді орындау үшін, сондай-ақ осы саладағы кедергілер мен жүйелік мәселелерді шешу мақсатында кәсіпкерлік сектормен бірлескен тығыз ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Біздің облыстың кәсіпорындары мен кәсіпкерлерінің өнімді тек біздің өңірмен елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де тарату үшін үлкен әлеуеті бар екенін атап өткім келеді», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

«Бір ауыл-бір өнім» жобасы (БАБӨ) 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын «Мен кәсіпкер» бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.

Жобаның негізгі міндеті-ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, жергілікті шикізатты қолдана отырып өнім өндіру, ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашу. Жапониядан бастау алатын жобаның басты мақсаты-ауыл кәсіпкерлігінің әлеуетін ашу арқылы тұрақты табыс табу.

  • 31.01.2024
  • 217
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика