- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті
2024 жылғы 30 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігінде Б.К. Әуетаевтың төрағалығымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ағымдағы жылғы бірінші отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының сутегі энергетикасы туралы тұжырымдамасын дайындау, инжинирингтік және құрылыс-монтаждау компанияларының энергетика объектілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға қатысуы, сондай-ақ қолданыстағы электр энергиясының көтерме сауда нарығы моделінде транспаренттіліктің болмауы мәселелері қаралып, талқыланды.
Қоғамдық кеңестің аталған отырысына сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры-Басқарма мүшесі Д.Р. Айтмағамбетов қатысып, ұлттық университет алаңында сутегі энергетикасы және жылу-электр энергетикасы саласындағы кадр әлеуетін дамыту мәселелерін талқылау туралы ұсыныс жасады. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді және оның қызметінің ағымдағы жылға басым міндеттері айқындалды.
- 31.01.2024
- 28