- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Кореялық KEPCO Қазақстандағы бірнеше электр станциялардың жағдайына тексеру жүргізеді
Сәрсенбі күні ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Кореяның «KEPCO» және «DOOSAN ENERBILITY» электр энергетикалық корпорацияларының вице-президенттері Шин Чжон Ген мырзамен және Янг Юн-Х мырзамен, сондай-ақ, компанияның басқа өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта инвестициялау мақсатында Қазақстанның бірнеше электр станцияларының жағдайын зерттеу мәселесін талқылады.
KEPCO Астана, Алматы, Павлодар және Топар жылу электр орталықтарына пилоттық зерттеу жүргізеді деп жоспарлануда.
«Зерттеу нәтижесі бойынша станцияларды одан әрі пайдалану, жаңғырту және олардың экологиялық көрсеткіштерін жақсарту перспективалары бойынша сізден сараптамалық баға күтеміз», - деп атап өтті кездесуде ҚР Энергетика министрі.
Энергетика министрлігінің басшысы министрлік тарапынан компанияға қажетті қолдау көрсетілетінін айтты.
- 31.01.2024
- 174