• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Балқашты дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды

Балқашта жұмыс сапарымен болдым. Өткен жылдан бастап біз мұнда 2027 жылға дейін есептелген қаланы дамытудың кешенді жоспарын іске асырып жатырмыз. Алға қойылған міндеттердің бірі бизнес пен  инфрақұрылымдық жобаларды дамыта отырып, Балқашта кемінде 4 мың жаңа жұмыс орнын құру.

Сондай-ақ мұнда жылу, су, әлеуметтік нысандарды салу, қала мен жағалауды абаттандыру мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Өткен жылы жылу желілерінің 1-ші және 2-ші кезегін қайта жаңартуды аяқтап, «Қоңырат» шағын ауданын орталық жылумен толық қамтамасыз еттік. Қаланың тоғыз көшесінде су желілері ауыстырылды. Орын алатын апаттар саны да айтарлықтай төмендеді. Алдағы уақытта Балқаш-Тораңғылық магистральдық су құбырын салу жоспарда бар. Бүгінде бұл жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.   

Әуежай ғимаратын қайта құру үшін құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталуда. Биыл ұшу алаңының бір бөлігі мен перронды қайта құруды бастаймыз.

Әлеуметтік сала бойынша 10-шы шағын ауданда жаңа балабақша мен жайлы мектепті салу жоспарда бар. Қазіргі уақытта орталық ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілді. Келесі іске асырылатын жұмыс ангиографиялық операция бөлмесі үшін қосымша ғимаратты салу. Бұған қоса Тораңғылық кентінде медициналық бекет салынады.

Қаланың негізгі сорғы станциясында екі трансформатор жөнделді. Жаңа сорғылар сатып алынып, оларды орнатуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ төтенше жағдайларда қолданылатын жаңа резервтік генератор сатып алынды.

Алда көп жұмыс бар. Атап айтқанда, тұрғын үй массивтерін су басуына байланысты кәріз сорғы станцияларын қала сыртына көшіру қажет. Сонымен қатар 1971 жылы салынған су бұру коллекторын қайта құрып, 25 км желіні ауыстыру керек.

Сонымен қатар қаладағы қауіпсіздік мәселелеріне арнайы тоқталғым келеді. Бұл мақсатта арнайы тәулік бойы жұмыс жасайтын Бірыңғай байланыс орталығы құрылды. Оның мақсаты нақты уақыт режимінде қаланы бейне бақылау және тұрғындардың әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламаларын өңдеу. Жұмыс басталғаннан бері орталық қызметкерлері рұқсат етілмеген жерлерде 24 қоқыс үйіндісін анықтады. Уақыт өте келе камералардың саны артады. Бейнеқұрылғылар әсіресе Тораңғылық және Шұбар-Түбек жағалауындағы аудандар мен демалыс аймақтарында көптеп орнатылады. Мұндай байланыс орталықтарын басқа да моноқалаларда құратын боламыз.

  • 02.02.2024
  • 207
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика