- Блогтар
- Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы
ҚДБ мен ЕИБ Қазақстандағы «жасыл» және көлік жобаларын қолдауды қарастырады
29 қаңтарда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) және Еуропалық Инвестициялық Банк өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы теңіз, әуе және басқа да инфрақұрылымды, сондай-ақ «жасыл» жобаларды қоса алғанда, Орталық Азияның Еуропамен көлік байланысын күшейтетін Орталық Азиядағы жобаларды еуропалық тараптың қолдауы жөніндегі мүмкіндіктерді талқылайды.
Тараптар уағдаласқан жағдайда, келесі қадам – ЕИБ тарапынан инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы тиісті келісімге қол қою.
«ЕИБ-пен ынтымақтастық аясында ҚДБ-ға жалпы сомасы 320 млн еуроға дейін қарыз беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл қаражат Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік инфрақұрылымын және «жасыл» энергетиканы дамытуды қоса алғанда, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Мұндай ынтымақтастық жаһандық өңірлер арасындағы сауда қатынастарын жандандыруға ықпал ететін болады», - деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева.
Меморандумға 29-30 қаңтарда Брюссельде өткен Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның көлік байланысы жөніндегі жаһандық форум (Global Gateway Forum) аясында қол қойылды. Іс-шара Еуроодаққа мүше елдердің, Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттері мен Түркияның мемлекеттік құрылымдарының, қаржы институттарының және азаматтық қоғам өкілдерін бір алаңға жинады.
Global Gateway стратегиясы – бұл әлемдік инвестициялық теңсіздікті қысқартуға және цифрлық, энергетикалық және көлік секторларында байланысты дамытуға көмектесуге бағытталған Еуроодақ бастамасы. Осы мақсатқа жету үшін Еуроодақ 2021-2027 жылдар аралығында 300 млрд еуроға дейін мемлекеттік және жеке инвестициялар тартуды жоспарлап отыр.
«ЕИБ инвестициялары адамның өмір сүру сапасын жақсартады, экономикалық өсуді және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін күшейтеді, бұл өз кезегінде әлеуметтік және гендерлік теңдіктің дамуына оң әсер етеді. Көлік жеке мобильділікке ықпал ететін және екі өңірдің елдері арасында тауарлар, капитал және қызметтермен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы экономиканың негізі болып табылады. Сонымен қатар, тұрақты көлікке инвестиция салу климатқа қолайсыз әсер ету мәселесін шешудің және көлік желілерінің тұрақтылығын арттырудың кілті болып табылады», - деп атап өтті ЕИБ вице-президенті Тереза Червинска.
- 02.02.2024
- 182