• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуі: 2024 жылға арналған жоспар бекітілді

Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің 7-ші отырысында БҰҰ-ның ТДМ саласындағы Қазақстанның ұлттық индикаторларын өзектендіру мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен талқылауға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, БҰҰ, БҰҰДБ және Еуропалық одақ өкілдері қатысты. Бүгінгі таңда ұлттық индикаторларға тексеріс жүргізіліп, олардың кейбірінің мәртебесін қайта қарау қажеттігі атап өтілді. Атап айтқанда, өзекті индикаторлар санатына барлық вакциналармен иммундаумен қамтылған азаматтардың үлесі, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері, парниктік газдар шығарындыларының көлемі бойынша және т.б. көрсеткіштерді қосу ұсынылады. Бұл Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үздік халықаралық стандарттарды енгізу арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ саммитіне қатысты. Президент өз сөзінде ТДМ-ға қол жеткізу біз үшін ұлттық басымдық болып табылатынын атап өтті. Сол себепті біз неғұрлым әділетті және орнықты әлемге ұмтылу жолында мүше мемлекеттердің барлығымен ынтымақтасуға әрқашан дайынбыз», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы ТДМ бойынша осындай сессия Астанадағы Халықаралық экономикалық форум аясында да өткізілгенін еске салды. Сондай-ақ жекелеген өңірлерде ТДМ-ны локализациялау бойынша семинарлар өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі 2024 жылға арналған ТДМ-ны іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекітті. Премьер-Министр мемлекеттік органдарға оның уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бүгін біз нақты тапсырмалар қойдық, оларды жыл бойы кезең-кезеңмен орындау керек», — деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Анықтама: Біріккен Ұлттар Ұйымы 2015 жылы жалпыға бірдей кедейлік пен теңсіздікті жою, қоршаған ортаны қорғау, ғаламшар халқының өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарға шақыру мақсатында Тұрақты даму мақсаттарын қабылдады. Барлығы 17 бағыт анықталды, оларды іске асыру экономика мен әлеуметтік өмірдің негізгі салаларының дамуына ықпал етпек. БҰҰ және ҚР Үкіметі өкілдері ТДМ жетістіктеріне мониторинг жүргізіп, тұрақты бақылауда ұстап отыр.

  • 08.02.2024
  • 216
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика