• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
IBO – 2024: БИОЛОГИЯДАН ЕҢ БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА АСТАНАДА ӨТЕДІ

7-14 шілде аралығында Астана қаласында биологиядан IBO-2024 35-ші халықаралық олимпиадасы өтеді. Халықаралық биология олимпиадасы (IBO) – әлем елдерінің орта мектеп оқушылары арасындағы ең бәсі жоғары бәсеке және білім саласындағы ең ауқымды шаралардың бірі. Қазақстандық мектеп оқушылары ғылыми жарысқа 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль және 14 құрмет грамотасын жеңіп алды. Бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Қазақстанның мұндай беделді іс-шараны өткізу орны ретінде таңдалуы да сондықтан. Биылғы олимпиадаға 80 елден 350 оқушы қатысады деп күтілуде. Додада 40-тан астам жүлде таласқа салынады. Еліміздің құрама командасы сапында төрт оқушы бар.

Оқу жылының басынан бастап олимпиада тапсырмаларын халықаралық деңгейде әзірлеу бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Тапсырмалар биохимия, молекулалық биология, биоинформатика, анатомия және жануарлар физиологиясы саласын қамтиды. Бүгінгі таңда биологиядан Қазақстанның олимпиадалық құрамасы алдағы жарыстарға қызу дайындалып жатыр, «Дарын» орталығында оқу-жаттығу жиындары өтуде. Олимпиада аясында қазақстандық педагогтер үшін биологиядан олимпиада есептерін шешу бойынша шеберлік сабақтары, семинарлар және әлемнің жетекші ғалымдарының ғылыми-тәжірибелік конференциялары өтеді.

Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 580 медальға ие болды, оның ішінде 23 медальді ең беделді жеті әлемдік олимпиадада жеңіп алған: IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO, IGeO, IOI. Оларға біржолғы ақшалай сыйлық берілді: алтын медаль алғандарға – 1500 АЕК, күміс үшін – 1000 АЕК, қола үшін – 500 АЕК, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерге базалық жалақының 8,5-тен 26,5 еселенген мөлшерінде сыйақы төленді.

  • 09.02.2024
  • 219
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика