• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АҚТӨБЕДЕГІ БАТЫС ӨҢІРІ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының 1200-ден астам мемлекеттік мектеп директорлары, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» форумында бас қосты. Smart Bilim мектебінің базасында олар үшін диалог алаңы ұйымдастырылып, жиынға қатысушыларға білім беру саласындағы бақылау және мониторинг шараларының қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. TEDx форматындағы интерактивті сессияға қатысып, педагогтерді толғандырған сауалдарға жауап бердім. Сондай-ақ  білім беру сапасын одан әрі арттыруға негізделген бес негізгі бағыт туралы айттым. Олар: білім берудегі менеджментті нығайту және басшылардың кадрлық резервін қалыптастыру, педагогтарды даярлау және қайта даярлау тәсілдерін жетілдіру, оқу бағдарламаларын жаңарту, инфрақұрылымды кешенді жақсарту, сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін трансформациялау.

Білім жүйесіндегі кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мықты менеджерлерді іріктеу және даярлау үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы басталды. Іріктеудің барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша Республикалық кадр резервіне 208 кандидат өтті. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби даму жүйесі түбегейлі өзгеруде. Ынталандыру мақсатында жұмыс істеп жүрген тәжірибелі топ-менеджерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге 3-6 айлық тағылымдамаға жіберіледі. Педагогтерді қолдау шаралары жалғасады. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады.

Форумға барлығы 1200-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Олар күні бойы білім сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдады. Сондай-ақ менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, НҚА қабылдайтын және білім беру саласындағы маңызды бағыттар бойынша тренингтерге қатысты.

Барлық өңірді қамту үшін директорлар форумы бес аумақтық бөлімшеге бөлінді. Бұған дейін министр Астана және Алматы қалалары, Түркістан, Алматы, Жетісу, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының мектеп директорларымен кездесулер өткізген болатын. Қорытынды басқосу Шымкент қаласының, Қызылорда және Жамбыл облыстарының білім беру ұйымдарының басшыларымен өтеді деп жоспарлануда. 

  • 09.02.2024
  • 245
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика