- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
Энергетика министрлігінің қызметкерлері “Көктем-2024” оқу-жаттығуына қатысты
Ақтөбе қаласында “Су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау” тақырыбында “Көктем-2024” Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде бүкіл ел бойынша ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілді. Энергетика министрлігіне 3 республикалық қызмет кіреді. Олар бойынша жағдайды бағалау, көктемгі кезеңнің болжамды жағдайларына сәйкес функционалдық міндеттерді орындауға дайындық, сондай-ақ оқу бойынша төтенше жағдайларды жою бойынша шешімдер әзірлеу жүргізілді.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша іс-әрекеттерге оң баға алынды.
- 10.02.2024
- 168