- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Біржан сал ауданына жұмыс сапары барысында барлық заманауи талаптарға сай келетін жаңа спорт ғимаратының ашылуына қатысты
Бүгін Степняк қаласындағы заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені өз есігін айқара ашты. Нысанның құрылысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.
Мұнда жалпы ауданы 1,6 га болатын бөлінген жер телімінде тренажер залы бар және волейбол, баскетбол және футбол секциялары жұмыс істейді. Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша, барлық Үй-жайлар тиісті мақсаттағы жиһазбен және спорттық жабдықтармен жабдықталған. Кешен құрамына күрес залы да кіреді.
Соңғы 10 жылда 6 ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді, облыстың 3 ауданында дене шынықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
- 02.02.2021
- 241