- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы қаңтарда Қазақстан экономикасының өсімі 3,9%-ды құрады
Астана. Үкімет отырысы.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биылғы жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырды.
Салалар бөлінісінде көрсеткіштердің өсімі:
Нақты сектор – 3,8%
Қызмет көрсету саласы – 3,5%
Ең жоғары өсім:
Құрылыс
Көлік және қоймалау
Ақпарат және байланыс
Өңдеу өнеркәсібі
Инвестициялар:
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6%-ды құрады
Білім – 3,6 есе
Қаржылық және сақтандыру қызметі – 3 есе
Көлік және қоймалау – 2,1 есе
Құрылыс – 2 есе
Ақпарат және байланыс – 20,9%
Өңдеу өнеркәсібі – 15,8%
Өңірлер бойынша ең жоғарғы көрсеткіштер:
Жетісу облысы
Ұлытау облысы
Жамбыл облысы
Алматы облысы
Сыртқы сауда
Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 3,2%-ға өсіп, $140 млрд құрады.
Экспорт – $79 млрд
Өңделген тауарлардың экспорты – $25 млрд
Импорт – $61 млрд
Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 6,9%-ға өсті.
Оң өсім 14 өңірде тіркелді
Ең жоғары көрсеткіштер:
Ақтөбе облысы
ШҚО
Қызылорда облысы
Абай облысы
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша көрсеткіштер:
Машина жасау – 18%
Металлургия – 12%
Химиялық өнеркәсіп – 40%
Металл бұйымдары – 18%
Жеңіл өнеркәсіп – 3,5%
Фармацевтика – 1,4%
Жиһаз – 5,4%
Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,2%-ға артты
Тау-кен өнеркәсібіндегі қызметтер – 6,2% өсті
Металл кендерін өндіру – 6,1%
Газ – 0,5%
Өзге де пайдалы қазбалар – 3,3%
Көмір өндіру 4,7%-ға төмендеді
Мұнай – 1,7%
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға артты
А. ж. қаңтар айында 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3%-ға жоғары.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 0,4%-ға артты
Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсім 3 өңірде байқалады:
Қызылорда облысы
Павлодар облысы
Астана қаласы
2024 жылы экономикалық өсуді 6% деңгейінде қамтамасыз ету үшін қосымша резервтер:
Өңдеу өнеркәсібі – 2024 жылға жоспарланған жаңа жобаларды іске қосу
Құрылыс – әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, автомобиль жолдарын және теміржол желілерін белсенді салу, инвестициялық жобаларды іске асыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту, «9-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу
Көлік – көлік дәліздерін дамыту, Орта дәліз бойымен жеткізілімдерді арттыру, транзитті ұлғайту, жаңа терминалдық қуаттарды жүктеу
- 15.02.2024
- 192