• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
САПАЛЫ БІЛІМНЕН САПАЛЫ АДАМИ КАПИТАЛҒА

Астана қаласында Оқу ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің бірлескен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ведомтстволар басшылары, Парламент депутаттары, білім басқармаларының, бағынышты ұйымдардың басшылары, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастықтарының өкілдері, білім саласының басқа да қызметкерлері мен сарапшылары қатысты.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 67 мың жаңа орын ашылып 2-6 жастағы балаларды қамту 91%-ға дейін артты. Апатты және үш ауысымды мектептер мәселелерін шешуге бағытталған 137 мың орындық жаңа 165 мектеп іске қосылып, 12 апатты 29 үшауысымды мектептің мәселесі шешімін тапты. Сонымен қатар, еліміздегі 230 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 2100 мектеп жаңғыртылды. Оның 1008-і ауыл мектебі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын сапалы және уақтылы іске асыру мақсатында министрлік мектептерде эргономикалық, қауіпсіз орта құруды көздейтін барлық қажетті нормативтік-құқықтық базаны әзірледі. 

Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою бағытында былтырдан бастап Республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске қосылды. Ол «Қазақстан халқына» қорының қолдауы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми сүйемелдеуімен Ақтөбе облысында пилоттық режимде бастау алды. Жоба негізінде ауыл мектептерінің инфоқұрылымы жаңғыртылып, педагог кадрлар сапасы артып жатыр.

Нәтижесі биылдан бастап барлық аймаққа таратылатын болады. Жоба аясында Республикалық «Дарын» орталығы алғаш рет ауыл мектептері оқушылары арасындағы республикалық пән олимпиадасын ұйымдастырды. Соның негізінде жүлделі орын иеленген ауыл мектебі оқушыларының саны 8 есеге жуық артты.

Техникалық және кәсіптік білім беруде студенттердің оқу шеберханаларынан нақты өндіріске «үздіксіз ауысуына» басымдық берілді. 558 колледжде дуальды оқыту ұйымдастырылып, 410 колледжді 500 кәсіпорын қамқорлыққа алды. Бизнестің тікелей қолдауының арқасында 75 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. 2023 жылы техникалық мамандықтарға қабылданған студенттердің үлесі 60% құрады.

Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы - министрліктің ерекше бақылауында. 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарын ЖБО-ға қосылған бейнекамералармен, лицензияланған күзетпен, турникеттермен және дабыл түймелерімен жарақтандыру толығымен аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі жалғасады. Мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар заңнамалық түрде бекітілген. Бракераждық комиссиялар мен ведомствоаралық сараптамалық топтар қоғамдық бақылаудың рөлін күшейтті. Енді тек тағамның мөлшері ғана емес, сонымен қатар «жеткізушіден сақтауға» дейінгі технологиялық процесс бақылауда болады. Тамақтану сапасын арттыруда отандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі де маңызды. 

 

 

  • 19.02.2024
  • 210
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика