• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Н. ҚИЛЫБАЙ: "ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК ТАПҚАНҒА ЖҰМЫС БАР"

 Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі онлайн өтті. Алдымен, шаһар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндады. 2020 жылы барлық макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Оның ішінде құрылыс, өңдеу өнеркәсібінің көлемі жоғары. Халық саны – 203 536 адамға жетті. Ол облыс бойынша (717 518) халық санының 28,4%-ын құрайды.

Былтыр тындырылған шаруа аз емес. Қала әкімі бірқатар атқарылған сан алуан жұмыстың басты көрсеткіші - халыққа ең қажеттісі шағынаудандарды абаттандыру жұмыстары мен қоғамдық көліктердің жаңарғанын атап өтті.

"6 шағынауданға (2,6,7,12,26,27) толығымен абаттандыру жұмыстары жүргізілді (автожолдар – 67,2 км., тротуар - 45,8 км. балалар ойын алаңдары – 63 дана, спорт алаңдары – 22 дана). 15 шағын ауданындағы тұрғын үйлердің аула аумағын абаттандыру жұмыстары өтпелі болып, жалғасуда. Өздеріңізге белгілі, 18 жаңа автобус сатып алынып, №3, №8 бағыттары бойынша қосылды. Сонымен қатар, кейін 30 жаңа автобус әкелініп, №5, №107 маршуттарына жіберілді. Бастысы, халық қуанып жатыр", - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жиында қала тұрғындарынан 70-ке жуық сұрақ келіп түсті. Олардың басым бөлігі баспанамен қамту, шағынаудан ішін абаттандыру мен инженерлік желімен қамтамасыз ету, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, көшелерді жарықтандыруға қатысты болды. Қала әкімі аталған сұрақтарға жауап беріп, әр мәселені өз бақылауына алатынын айтып өтті.

Тұрғындардың бірі жұмыссыз жастардың мәселесіне байланысты сауалын жолдады. Қала әкімі жастар жұмыстың ауыр не жеңіліне қарамай, тынымсыз еңбек ету керектігін айтты.

"Диірменде өскен тышқан күннің күркірегінен қорықпайды", деген сөз бар. Тағдырдың әр түрлі кезеңдерінде жастар мынау ауыр, мынау жұмысшы деп таңдамау қажет. Жұмыс бар, қазір екі қолға бір күрек ұстағанға табылады. Өзім де қара жұмыстан бастадым", - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова қала әкіміне бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Оның ішінде инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, макрокөрсеткіштерді тұрақты ұстау, жастарды қолдау, жұмыссыздық деңгейін азайту, көшені жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарын қадағалауды бақылауда ұстау керектігін айтты.

  • 03.02.2021
  • 251
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика